Дұға-Молитва (өлең)
Дұға-Молитва (өлең)
4 жыл бұрын 4101 rustih.ru/ , bilim-all.kz/
Абай Құнанбайұлы және Михаил Лермонтов

ДҰҒА
(М. Ю. Лермонтовтан)

Өмірде ойға түсіп кем-кетігің,
Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің.
Сонда сенің отыңды басатұғын,
Осы өлең — оқитұғын дұғам менің.

Ішінде бір қуаты барға ұқсайды,
Тірі сөздің жаны — сол, айрылмайды.
Қасиетті нәфәсі¹ желдей есіп,
Қайнап тұрған ыстық қан салқындайды.

Жаныңның ауыр жүгі жеңілгендей,
Көңілден кернеген кек кемігендей —
Болады жылауға да, сенуге де,
Жүректің басынан у төгілгендей. 

МОЛИТВА
(М.Лермонтов)

В минуту жизни трудную
Теснится ль в сердце грусть,
Одну молитву чудную
Твержу я наизусть.

Есть сила благодатная
В созвучьи слов живых,
И дышит непонятная,
Святая прелесть в них.

С души как бремя скатится,
Сомненье далеко —
И верится, и плачется,
И так легко, легко…                                 



[1] Нәфәсі – демі.

 

 

0 пікір