Ашылу үшін - Ұлы Есік,
Амал қыл басың аманда.
Шайтанмен күнде күресіп,
Шыққан жөн шаршы алаңға.
Ол да әлсіз емес, сүйектен,
Жаралмаса да, ескер, ұқ.
Қайралсаң бірақ Ниетпен,
Қалады қатты сескеніп.
Төндіріп түрлі дауылын,
Көрсетсін күштің ортасын.
Бапкерің - Құран, бауырым,
Ендеше неден қорқасың?
Тек жасап жүріп құр амал,
Күресу қиын онымен,
Ең мықты тәсіл - Дұғалар,
Қолдана білсең жөнімен.
Тигенше дұрыс арқасы,
Жық та алып оны жат жерге.
Періште-қазылар алқасы,
Жазады бәрін дәптерге..
Ішінде кетіп әттеңі,
Жеңілген небір серілер.
Диплом- "Амал дәптері",
Соңында саған берілер...
Дайындал досым, жарақтан,
Еңбекті күшің ақтайды.
Себебі жеңсең-Жаратқан,
Жәннәтпен марапаттайды...
|
Амал қыл басың аманда
|
Өзекті мақалалар
■
Асқар қажының әсерлі әңгімесі
■
Уақыт пен мақсат (ғибрат әңгіме)
■
Құдайсыз сенім: Атеистер неге Құдайға сенбейді? Олардың проблемасы неде? (философиялық талдау)
■
«Мүміннің абыройы — түнде намазға тұруында, ал қадірі — адамдардың қолына қарамауында»(Хадис тағылымы)
■
Исламда отбасы ақша мен мал-дүниеге құрылмайды!
Көп оқылғандар