Тағы бір американдық боксер Джарелл Миллер Ислам дінін қабылдады
Тағы бір американдық боксер Джарелл Миллер Ислам дінін қабылдады
4 ай бұрын 1964
islam.kz

Американдық кәсіпқой бокс шебері Джарелл Миллер өзінің мұсылман болғандығын жариялады. Мұндай мәлімдемені ол Рияд қаласында өткелі жатқан жекпе-жегінен бір күн бұрын ұйымдастырылған пресс-конференцияда жасады. Атақты кәсіпқой боксшы бүткіл журналистердің алдында:

«Ең әуелі айтқым келгені, әлхамдулиллә, өзімнің мұсылман болғандығымды жариялағым келеді» -

 - деп ағынан жарылды (төмендегі видеода). Оның бұл мәлімдемесі жанкүйерлері үшін тосынсый болған еді. 

Одан бөлек, Джарелл Миллердің кәлима айтып, мұсылман болу мәртебесіне қол жеткізген видеосы тарап кеткен еді. Бейнебаянда қолғап шебері өзінің жатықшырушысының қолдауымен тілін кәлимаға келтіріп, соның артынша толқып көзіне жас алғаны бейнеленген (екінші видео).

 

0 пікір