Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сабырлылығы мен шүкіршілдігі
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сабырлылығы мен шүкіршілдігі
3 жыл бұрын 4098

Оның өмірі – Құдайдың бүкіл әмірлерін бұлжытпай орындағанының куәсі. Ол пәлекет-бәлелерге сабыр етіп, қайыр мен нығметке жеткенде шүкіршілік ететін. Асхабының бірі бір күні ең үлкен бәлеге кімдер ұшырайтынын сұрайды. Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді:

«Түрлі бәлелерге басқалардан гөрі пайғамбарлар көп ұшырайды. Ал, басқа адамдар рухани мәртебелеріне (имандағы дәрежелеріне) қарай сыналып, пәлеге ұшырайды».

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ның өмірі осы баянға сәйкес келеді. Ол бүкіл пайғамбарлардың көсемі болғандықтан олардың арасында пәлекет пен бәлеге көп ұшырағаны еді. Оның өмір жолын зерттегендер Оның өмірі бастан аяқ азап пен машақаттарға толы екендігін айтады. Құран оған сабырлы болу керектігін ескертеді: 

«(Әй, Мұхаммед! Мүшриктердің тауқыметіне) Сен жігері мұқалмаған пайғамбарлардың табандылығындай сабырлы бол».  

Ол да бүкіл азаптарға Аллаһқа сүйеніп, сабыр еткен. Адам баласы өткінші пәлекеттер мен азын-аулақ соққыларға төзе алады. Алайда, бірінен соң б і р і келген пәлекеттер мен бәләлерге төзу мүмкін емес Хазіреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) хижреттен бұрынғы Меккедегі он үш жылын машақатпен, қиыншылықпен, азаппен өткізген. Мекке мен Тайфтың тасжүрек қарақшылары Оны он үш жыл бойы мазақ еткен. Оны әр түрлі азаптарға дұшар етіп, әр түрлі қорлық пен әдепсіздік көрсеткен. Бұл азап-қорлықтардың барлығына тек Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сияқты ең мықты пайғамбар ғана төзе алатын еді. 

Үлкен істерде керемет табысқа жеткен кемеңгерлер, ордабасы мен жеңімпаздар бұл табыстарын өздерінің ақыл, парасаттылық пен білімділіктерінен деп ойлады. Бірақ, Аллаһқа жақын кісілер бұл табыстың Аллаһтың сый-сыяпаты екенін біліп, Оған шүкіршілік етеді. Ал, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) нығмет пен жеңіске қолы жетсе, дереу Аллаһқа сыйынып шүкіршілік сәждесіне жығылатын. Меккені аларда Зитуа деген жерге жеткенде, өзін Аллаһ Тағаланың табысты еткендігін біліп, түйесінің үстінде сәждеге жығылған еді. 

"Пайғамбарымыз (с.а.у.) және оның күнделікті іс-әрекеттері". 

0 пікір