Пайғамбарымызды (с.а.у.) үш күн күттірген сөз
Пайғамбарымызды (с.а.у.) үш күн күттірген сөз
4 жыл бұрын 7554

Алла елшісінің «Әмин» - «сенімді» деген лақап аты бартұғын. Бұндай лақап атты оған пайғамбарлық келмей тұрып жұрт таққан. Өйткені Ол пайғамбарлық келмей тұрып-ақ уәдесіне берік, өтірік айтпайтын шыншыл болған еді. Оның шыншылдығы мен уәдесіне беріктігін түсіндірер мына бір оқиғаны келтірелік.

Абдулла ибн Әбуль Хамса есімді сахаба (عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي الْحَمْسَاءِ ) Исламды қабылдамай тұрып Алла елшісімен оның арасында өткен мынадай бір оқиғаны әңгімелеп берген:

«Мен Алла елшісімен (с.а.у.) пайғамбарлық келмей тұрып бір сауда-саттық жасаған едім.Ол саудадан менде біршама алашағы қалды. Мен оған оның тұрған жеріне алып келемін деп уәде еттім. Бірақ, уәдемді ұмытып кетіп, үш күн өткеннен кейін барып есіме түсті. Дереу уағдаласқан жерге келгенімде Ол сол жерде әлі күтіп отыр екен. Ол мені көрді де маған:

«Ей, жігітім! Мені әбден машақаттандырдың ғой. Мен сені үш күн бойы осында күтіп тұрмын» - деді», - деп әңгімесін аяқтайды сахаба[1]. 

Аманатқа қиянат етпеу және уәдеде берік болу қасиеттерінің шыңына жеткен Алла елшісінің бұлай күтуі – болмайтын бір ақша үшін емес еді. Оны осылай үш күн күтуіне итермелеген басты фактор – уәдеге деген беріктігі болатын. Ғалейһис саләту уә сәлләм!


[1] Әбу Дәуід; Бәйһақи: "Мәкәримуль Ахләқ". Әлсіз хадис. 

islam.kz/
0 пікір