Хулагу-ханның сұлтан Құтұзға жазған хаты
Хулагу-ханның сұлтан Құтұзға жазған хаты
2 жыл бұрын 12651
Аударып, дайындаған Абдусамат Қасым

1260 жыл. Шыңғысханның Төледен туған немересі Хулагу-ханның Бағдат қаласын алып, соның нәтижесінде бес ғасыр жалғасқан Аббасит халифалығын құлатып, артынша Халеп, Хама, Дамаск қалаларын (Сирия) бағындырып, енді Мысырға көз тіккен кез.

Мысыр салтанаттығының тағына отырғанына көп болмаған сұлтан Сәйфуддин Құтуз моңғол әскерлерінің шабуылына қарсы әзірлік үстінде болатын. Сол мезетте Хулагуның жолдаған хатын алып, төрт моңғол елшісі келеді. Қоқан-лоқылық сөздер қамтылған ұлы қағанның араб тілінде жолдаған хатында мыналар айтылған еді: 

 ” بسم إله السماء الواجب حقه، الذي ملكنا أرضه، وسلّطنا على خلقه، الذي يعلم به الملك المظفر الذي هو من جنس ” المماليك ” صاحب مصر وأعمالها، وسائر أمرائها وجندها وكتابها وعمالها، وباديها وحاضرها، وأكابرها وأصاغرها، إنّا جند الله في أرضه، خلقنا من سخطه، وسلّطنا على من حل به غيظه، فلكم بجميع الأمصار معتبر، وعن عزمنا مزدجر، فاتعظوا بغيركم، وسلّموا إلينا أمركم ، فنحن ما نرحم من بكى، ولا نرق لمن اشتكى، فتحنا البلاد، وطهرنا الأرض من الفساد، فعليكم بالهرب، وعلينا بالطلب،  فما لكم من سيوفنا خلاص، ولا من أيدينا مناص فخيولنا سوابق، وسيوفنا صواعق، ورماحنا خوارق، وسهامنا لواحق، وقلوبنا كالجبال، وعديدنا كالرمال. فالحصون لدينا لا تمنع، والجيوش لقتالنا لا تنفع، ودعاؤكم علينا لا يسمع، لأنكم أكلتم الحرام، وتعاظمتم عن رد السلام، وخنتم الأيمان، وفشا فيكم العقوق والعصيان فأبشروا بالمذلة والهوان (فاليوم تجزون عذاب الهون بما كنتم تعملون) (وسيعلم الذين ظلموا أي منقلب ينقلبون).

فمن طلب حربنا ندم، ومن قصد أماننا سلم. فإن أنتم لشرطنا وأمرنا أطعتم، فلكم ما لنا وعليكم ما علينا، وإن خالفتم هلكتم، فلا تهلكوا نفوسكم بأيديكم، فقد حذر من أنذر، وقد ثبت عندكم أن نحن الكفرة، وقد ثبت عندنا أنكم الفجرة، وقد سلطنا عليكم من له الأمور المقدّرة والأحكام المدبرة، فكثيركم عندنا قليل، وعزيزكم عندنا ذليل،

  فلا تطيلوا الخطاب، وأسرعوا رد الجواب..قبل أن تضرم الحرب نارها، وتوري شرارها فلا تجدون منا جاهاً ولا عزاً، ولا كتاباً ولا حرزاً، إذ أزتكم رماحنا أزاً وتدهون منا بأعظم داهية، وتصبح بلادكم منكم خالية، وعلى عروشها خاوية فقد أنصفناكم، إذ أرسلنا إليكم، ومننا برسلنا عليكم

وأيقظناكم إذ حذرناكم، فما بقي لنا مقصد سواكم، والسلام علينا وعليكم، وعلى من أطاع الهدى، وخشي عواقب الردى، وأطاع الملك الأعلى

«Бізді өзінің жеріне бас ие қылып, бізге жаратылыстарын билеуді тапсырған Көктің құдайының атымен!

Мұның солай екенін өзі де кезінде құлдардан болған (мәмлүктерден болған), Мысыр мен соған қарасты әкімшіліктердің және ондағы әмірлері мен әскерлерінің, жазушылары мен шаруаларының, отырықшысы мен отырықшы емесінің, үлкені мен кішісінің иесі - патша Мұзаффар білсе керек (яғни, Құтұздың бұрын құл болғанын есіне салып, оны кемсітіп тұр-ауд.)1.

Мен - Құдайдың жер бетіндегі әскерімін. Ол бізді өзінің қаһарынан жаратты. Ол (Құдай) өзін ашуландырғандарды бізге билетті. (Біздің билігімізге өткен) барлық қалалар - сендерге ғибрат. Біздің табандылығымыздан аяқ тартқандарың жөн. Басқалардан сабақ алыңдар. Істеріңді бізге тапсырыңдар. Біздің - жылағанға мейіріміміз түспейді, шағымы барға жанымыз ашымайды. Біз неше елді жаулап, жер бетін бұзғыншылықтан тазаладық.

Сендерге қашу - міндет. Бізге - соңдарынан түсу міндет. Сендер біздің қылышымыздан құтыла алмайсыңдар және қолымыздан аман қалмақ емессіңдер.

Мінген аттарымыз желдей жүйрік. Қылыштарымыз - найзағай. Атқан оғымыз мүлт кетпейді. Жүректеріміз - тау іспетті. Санымыз құм іспетті. Бізге қорғандар кедергі емес. Бізбен шайқасу үшін әзірленген әскер пайда бермейді. Бізге жасаған теріс баталарың қабыл емес (яғни, дұғаларың мен қарғыстарыңды құдай қабыл етпейді, оның бізге зияны жоқ-ауд.)! Өйткені сендер харам жеп, өздеріңді Құдайдан биік көріп, имандарыңа қиянат жасадыңдар. Іштеріңде күнә мен құдайға қарсы келушілік етек алды, ендеше, зәбір және қор болушықпен сүйіншіленіңдер: «Сондай қарсы болғандар, отқа төндірілген күні: "Дүние тіршілігінің қызығын көріп, одан пайдаландыңдар. Ал енді бүгін жер жүзінде орынсыз менменсіп, бүзақылық қылғандықтарың себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар" (делінеді.)» («Ахқоф» сүресі, 20 аят). «Ол зұлымдық қылғандар, жақында қалай айналдырылатындарын біледі» («Шуғара» сүресі, 227 аят).

Кім бізбен соғысуды қаласа, өкінеді. Ал кім біздің амандығымызды ойласа, есендікте болады. Егер сендер біздің талаптарымызды орындап, бұйрықтарымызға мойнсұнсаңдар, бізге болар пайда сендерге де болады және бізге келер зиян сендерге де келеді (яғни, бір боламыз). Ал бірақ қарсы келсеңдер, құрисыңдар! Сондықтан өз-өздеріңді қолдап жамандыққа итермелемеңдер! "Ақыл айтқаны - ескерткені" деген.

Сендер бізді кәпір дейсіңдер. Біз сендерді азғын деп білеміз. Бізді сендерге бәле қылып, жазмыштың істері мен жоспарланған шешімдердің иесі Құдай жіберіп отыр. Сендер көппін дейсіңдер, бірақ біздің назарымызда азсыңдар. Сендердің қадірлілерің, біздің назарымызда қадірсіз...

Ендігісі, әңгімені ұзатпай, соғыс оты жалындап, ұшқынын айналаға шашпай тұрғанда, жауабын тезірек беріңдер! Болмаса, найзаларымыз сендерді түйреп, бізден бұрын-соңды көрмеген азап шеккенде және қалаларың халықтан босап, төңкеріліп астан-кестені шыққанда, бізден ұлылық та, қорған да күтпеңдер!

Біз сендерге хат жолдап, әділдік жасадық. Елші жіберу арқылы сендерге мейірбандық таныттық2. Ескерту арқылы, сендерді ояттық. Ендігісі, көздегеніміз - сендер ғана!

Бізге және сендерге, сондай-ақ, туралыққа бас иіп, өлімнің ақырынан қорыққандарға және ұлы патшаға бойсұнғандарға есендік болсын!»

Хулагуның ызғарлы хатын оқығаннан кейін өзінің уәзірлері мен әскербасшыларын жинап, кеңес өткізген Сұлтан Құтұз, кеңесте қабылданған қарарға сай, келген елшілерді түгел өлтіріп, шабылған бастарын Каир қаласының бас қақпаларының бірі саналатын - «Зүәйлә» (زويلة) қақпасына іліп қояды. Хулагуның жіберген елшілерін өлтіруді Құтұздың ең жақын қолбасшысы Рукнуддин Бейбарыс ұсынған делінеді мәліметтерде3.

Ақыры, моңғол әскерлері мен мұсылман әскерлері Палестина аймағында орналасқан «Айну Жәлут» (عين جالوت) жазығында кездесіп, соңы моңғол әскерінің жеңілісімен аяқталады. Бұрын-соңды жеңіліп көрмеген Шыңғысхан әскері алғаш рет Палестина жерінде орын алған осы шайқаста мұсылмандардан оңбай жеңіледі.

Ол соғыста моңғол әскерін Кетбұға есімді руы найман қолбасшы басқарған. Ал мұсылман әскерлерін қыпшақ руынан шыққан Рукнуддин Бейбарыс басқарды. Кейіннен бұл соғыс «Айну Жәлут шайқасы» деген атпен тарихта қалады. Ол жайында алдағы жазбаларымызда...


Басқа бір нұсқада: «біздің қылышымыздың қахарынан қашып, осы аймаққа тығылған мәмлүктердің бірі патша Мұзаффар Құтұз білсе керек...» делінген.
«Құрылған күннен бастап, Ауну Жәлутқа дейінгі моңғол-татарлар». Араб тілінде.( التتار من البداية إلى عين جالوت ). Авторы Рағиб Сәржәни. Аталмыш хаттың басқа да нұсқалары деректерде келтірілген, кейбір сөздегі ерекшеліктер болмаса, мазмұны бір.

3 ar wikipedia org/wiki/معركة_عين_جالوت 

0 пікір