Таңертең ерте тұруға қиналатындар үшін 8 кеңес
Таңертең ерте тұруға қиналатындар үшін 8 кеңес
4 жыл бұрын 5237 zhambylnews.kz/

1. Түскі асқа берілген үзілісті пайдаланып біраз таза ауада серуендеңіз. Себебі, ол дұрыс ұйқы мен тез ояна білуге зор септігін тигізеді.

2. Кешкі сағат 20:00-ден кейін теледидар көрмеуге тырысыңыз. Себебі, теледидардан бөлінетін ультракүлгін сәулелер мен көгілдір түс адамның ұйқы бездеріне әсер ететін мелонин деп аталатын ферментті жойып жіберу қасиетіне ие.

3. Ұйықтар алдында өзіңізге өте дәмді бір тағам түрін даярлап, таңертеңгі асқа қойып қойыңыз. Ертең ерте тұрып соны жеймін деген ниетпен сіз діттеген уақытыңызда ояна аласыз. Қарапайым тағамың өзі ерте тұруға себепші бола алады.

4. Терезені ұйықтар алдында сәл ашып жатыңыз. Себебі, адам ұйықтап жатқанда көмірқышқыл газын көп мөлшерде бөліп шығарады. Сондықтан да көп жағдайда адамдардың ұйқысы қана бермейді, көбінесе шаршаңқы келеді. Бұл жағдайды болдырмау үшін бөлменің ауасын тазартып тұрған дұрыс.

5. Оятарыңызды төсегіңізден алыс жерге қойыңыз. Оны өшіру мақсатында орныңыздан тұрасыз, нәтижесінде жұмысыңыздан кешікпейсіз.

6. Ояна салған сәтте бөлмеде жарықты жағыңыз. Себебі, жарық адамның ұйқы безінде бөлінетін мелонин ферментінің үздіксіз бөлінуін тежейді.

7. Ояна салған сәтте терезеңізді ашып, тереңінен тыныс алыңыз. Мейлі, суық болсын, аяз болсын. Есесіне бойыңыздағы қанайналым жақсарады.

8. Тағы жарты сағат жата тұрайын деген ойдан арылыңыз. Уақтылы тұрып, уақтылы жатып ұйықтау адам ағзасын бірқалыпқа келтіреді. Денсаулығыңыз да жақсара түседі. Соның арқасында түрлі жүйке ауруларының алдын аласыз.

 Massaget.kz 

0 пікір