Надандықтың алты белгісі
Надандықтың алты белгісі
4 жыл бұрын 10339

Даналардың бірі надан адамды қалай білуге болады деп сұраған кісіге былай деп жауап берген екен:

"Надан адамды білуге болатын алты сипат бар:

1. Болмайтын нәрсеге ашуланады. Яғни, адамға да, жануарға да жынданып, ашуланады. Кім кездессе де одан зиян келіп тұрады. Міне осы наданның сипаттарының бірі.

2. Пайдасыз сөздер сөйлейді. Ақылды адам пайдасы жоқ нәрселерді айтпауы тиіс. Сөйлегенде дүние-ақыретіне пайдасы бар сөздерді сөйлегені жөн.

3. Орынсыз жерге ақша береді. Надандықтың тағы бір белгісі – бекер мал шашпақ. Сауабы тимейтін әлдекімге (не әлдебір жерге) дүниесін шашады.

4. Сыр сақтамайды. Біреудің сырын, не өзінің сырын кіммен болса, сонымен бөліседі.

5. Аңғал. Әркімге бір сенім артатын, тым сенгіш келеді.

6. Досын дұшпанынан айыра алмайды. Адам баласы кімнің дос, кімнің дұшпан екенін білгені жөн. Досын танып, онымен жолдастық құрады. Дұшпанын танып, одан ұзақ тұрады. Ең басты дұшпан – ол, шайтан. Шайтанның бұйырған нәрселеріне бойұсынбауы керек[1]".


[1] Әбу Ләйс Самарқанди: Тәнбиһул Ғофилин. 185 бет.

© islam.kz
1 пікір
  • Инстаграмда "Уағыздар Жолдыбек Долдахан" деген пайдаланушының парашасында ,бұл мақала "Ақымақтық осы сипаттарымен білінеді" (сілтемесі: https://www.instagram.com/p/CrY3v5jtjpJ/) деп берілген әрі ислам.кз сайтына сілтеме берілмеген.
    1 жыл бұрын