Мұсылманның мұсылмандағы отыз ақысы
Мұсылманның мұсылмандағы отыз ақысы
4 жыл бұрын 5146

Әбульқасым әл-Асбәһәни өзінің «әт-Тәрғибу уәт-Тәрһиб» атты кітабында Әзіреті Әлиден (р.а.) риуаят етілген мына бір хадисті келтірген. Ол хадисте былай делінеді:

«Алла елшісі (ғалейһиссәләм): Мұсылманның мұсылманда отыз ақысы бар. Бұлар орындалмайынша немесе (бауыры тарапынан) кешірілмейінше (Алланың алдында) ақталып шығу жоқ», - деген. Мұсылманның отыз ақысы төмендегідей:

  1. Қателігін кешіру
  2. Жылағанда жұбату
  3. Айыбын жасыру
  4. Жаңсақтығын ғапу ету
  5. Қателігінің үзір-себебін қабыл етіп, кешіру
  6. Ол жайында ғайбат айтылғанда, тыңдамау (немесе рұқсат бермеу)
  7. Оған ақыл-кеңес айту, насихат айту
  8. Достық қарым-қатынасын үзбеу
  9. Ақысын жемеу
  10. Ауырғанда жағдайын сұрай бару
  11. Бақилық болғанда жаназасына қатысу
  12. Қонаққа шақырғанда бару
  13. Сыйлығын қабыл ету
  14. Теңдей дәрежеде қарым-қатынас жасасу
  15. Берген нығметіне рахмет айту
  16. Оған көркем түрде жәрдем беру
  17. Жұбайына бөтен ниетпен қараудан сақтану
  18. Қажет еткен нәрсесін беру
  19. Мәселелерінде араға түсіп жәрдем ету
  20. Түшкіргенде «ярхамукәллаһ» деу
  21. Адасқанда тура жолға салу
  22. Сәлеміне жауап қайыру (Сәлемін алу)
  23. Оған жақсы сөз айту
  24. Сый-сыяпатын жақсы түрде жүзеге асыру (сый қылсаң, сыпыра қыл)
  25. Анттарын растау
  26. Оның зұлымдық жасауына кедергі болу. Сондай-ақ, мазлұм (зұлымға ұшыраған кезінде) ақысын алу жолында жәрдем ету.  
  27. Достық қарым-қатынасқа сызат түсірмеу
  28. Өзіне қалаған игілікті, оған да қалау
  29. Өзіне қаламаған жамандықты, оған да қаламау
  30. Тағдыр тәлкегінде қалдырмау.

Егер аталмыш ақыларының бірін орындамаса, тіпті, түшкірген кезде «тәшмит» айтуды (ярхамукаллаһ» деп айтуды) елемеген болса да, ол ақысы қиямет күні одан талап етіледі және ақысы алынып беріледі»[1]. 


 

 

[1] Имам Зайлаъи: «Насбур Риуая Тәхрижу Әхәдисиль Һидая» - Бәбуль Жана-из.

Абдусамат Қасым
0 пікір