Бес түрлі адамның намазы босқа кетеді...
Бес түрлі адамның намазы босқа кетеді...
11 ай бұрын 4588

Имам Әбу Ләйс әс-Самарқанди өзінің «Тәнбиһуль Ғофилин» атты еңбегінде мынадай бір риуат келтірген, бұл риуаят сахаба Әнәс ибн Мәликтен жеткен екен. Онда былай делінеді: 

 وَرَوَى أَنَسُ بْنُ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ تَعَالَى عَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ , قَالَ: " خَمْسَةٌ لَيْسَ لَهُمْ صَلَاةٌ: الْمَرْأَةُ السَّاخِطَةُ عَلَى زَوْجِهَا، وَالْعَبْدُ الْآبِقُ مِنْ سَيِّدِهِ حَتَّى يَرْجِعَ، وَالْمُصَارِمُ الَّذِي لَا يُكَلِّمْ أَخَاهُ فَوْقَ ثَلَاثَةِ أَيَّامٍ وَمُدْمِنُ الْخَمْرِ، وَإِمَامُ قَوْمٍ يُصَلِّي بِهِمْ وَهُمْ لَهُ كَارِهُونَ ".

«Бес түрлі адамның намазы босқа кетеді:

  • Күйеуіне наразы болған әйел.
  • Қожайынынан қашқан құл, қайта оралғанша.
  • Арасы бұзылған бауырымен үш күннен артық сөйлеспей қойған араз адам.
  • Арақты қоймайтын адам.
  • Жамағаты ұнатпайтын мешіт имамы. Жамағаттың ұнатпауы екі түрлі себептің салдарынан болуы мүмкін: Бірі - имамның бұзылған болуы; Екіншісі - имамның құранды дұрыс оқи алмауы және құранды жақсы оқитын, білімі артық өзге адамның болуы. Осы екі себепті жамағатқа ұнамауы мүмкін. Жамағаты ұнатпаса, оларға имамдық қылуы мәкруһ. Алайда, жамағатқа ұнамауының себебі, күнәдан тыйып, жақсылыққа шақырғаны себепті болса немесе ұнамауы көреалмаушылықтан туындаса және жамағат арасында одан білімдірек ешкім болмаса, көпшіліктің оны ұнатпауы жөнсіз, сондықтан, жамағат ұнатпаса да имамдығын жалғастыра беруіне болады. (Әбу Ләйс әс-Самарқанди).

 

0 пікір