АШКӨЗДІК
АШКӨЗДІК
1 ай бұрын 1011
«Асып-тасыған, үлде мен бүлдеге оранған бай болсаң да, өзіңе тиістіні ғана жей аласың. Ұшан теңізге ыдысыңды батырсаң, ыдысыңа сыйғанын ғана ала аласың»

Ашкөздік қандай да бір дүниенің ауқымына кеңейте алмайды. Негізі адам тойымсыздығының шегі болмағанымен, оның қабылдау деңгейінің шегі болады. Қомағайлыққа салынып түйірдей бір ыдысқа теңіздің суы құйылса да, сол ыдысқа сиған судан басқасы сыртқа төгіліп ысырапқа жол ашады.

«Судың түбінде емін-еркін жүзіп жүретін қаншама балықтар қомағайлықтың кесірінен қармаққа ілініп, жемтікке айналады»

Ашкөздік – жүрек көзін көр қылады. Оны бекітеді. Тіпті, көзі ашық бола тұра, қауіпті шұңқырды көруден қалатын халге түсіреді. Яғни, бақытқа емес, бәлекетке ұшыратады. Өйткені, адам баласының басына келетін бәлекеттердің көпшілігі күнделікті күйбең тіршіліктің соңына түсіп, ашкөздікке берілудің кесірінен туындап жатады.

«Тышқан мінездес адамдардың биі мысық болмақ»

Адамның жаны – ішкі жандүниесінің сұлтаны. Ал, ол шайтанға еріп, барша жағымсыз қылықтардың шырмауына шырмалып тышқанға айналар болса, нәпсі атты мысықтың құлы болады. Мұның соңы екі дүниенің бақытынан жұрдай қылып, қорлыққа апарып соқтырады. Міне сондықтан да нәпсімен күресі дінімізде ең үлкен жиһад деп саналған. Нәпсінің қалауларын тізгіндеп, шындықтың айдауымен жүргізу үшін Алланың бұйрықтарына бойсұну қажет.

«Бидай егіп, арпа орып алған адамды көрдің бе?»

Әрбір іс қабілеттілікке және қаншалықты күш жұмсалғанына қарай нәтиже береді. Бұл бір табиғи заңдылық іспетті ақиқат. Арпа ексең арап орасың, бидай ексең бидай орасың. Бір сөзбен айтқанда не ексең, соны орасың. Дүниенің егіндігіне күнәнің дәнін еккен адам ақыретте азап тігенін, ал сауаптың дәнін еккен адам бақыл гүлдерін жинайды.

«Алтын мен арпаны таразыға салып тартқанда теңдей болыпты. Дегенмен де, арпа алтын сияқты бағалы боламайды».

Адамдардың дене құрлысы бірдей болып келеді. Дегенмен, бұл теңдік олардың рухани жағынан да бірдей екендігін білдірмейді. Олардың арасында сырттай ұқсастық болғанымен, ішкі жағынан жер мен көктей айырмашылық болады. Өйткені, адам тек ет пен сүйектен ғана құралған дене емес...

«Күн сияқты жарық шашқың келсе, түнге ұқсаған нәпсіңді отқа қақтауың керек»

Бір ыдыстың ішінде һәм лас, һәм таза нәрсе бір-біріне араласпай өз құрамын сақтап тұра алмайды. Нәпсіні тәрбиелемей жүректің жай табуы мүмкін емес...[1].


[1] «Адам деген жұмбақ әлем». Авторы: Осман Нұри Топпаш.

0 пікір