Көз тиюге қарсы қандай сүре мен аятты оқыса болады?
Көз тиюге қарсы қандай сүре мен аятты оқыса болады?
2 жыл бұрын 7675

Көз тиюге қарсы оқуға болатын Құран Кәрімде сегіз аят бар. Аталмыш сегіз аят:

1) «Фатиха» сүресінің жеті аяты (яғни, фатиханың толық оқылуы).

2) «Аятуль курси» аяты.

Пенде осы сегіз аятты (Фатиха мен аятуль курсиді) оқыса, сол күні адам мен жындардың ешбірінің көзі тимейді.

Сондай-ақ, «Қалам» сүресінің 51-52 аяттарын да көз тиюге қарсы қорғану үшін оқуға болады. Бұл аят төмендегінше:

Арапша нұсқасы:

وَاِنْ يَكَادُ الَّذٖينَ كَـفَرُوا لَيُزْلِقُونَكَ بِاَبْصَارِهِمْ لَمَّا سَمِعُوا الذِّ كْرَ وَيَقُولُونَ اِنَّهُ لَمَجْنُونٌۘ ﴿٥١﴾ وَمَا هُوَ اِلَّا ذِ كْرٌ لِلْعَالَمٖينَ ﴿٥٢ 

Қазақша транскрипциясы:

«Уә ийякәдуль-ләзинә кәфәруу лиюзлиқунәкә би-әбсориһим ләммәә самиъуз зикро уә йәқуулуунә иннәһу ләмәжнүүн. Уә мә һуә илләә зикруль лиль-аләмин».

Кішкене балаға көз тимес үшін оқылатын дұға

Көз тиюден және түрлі жын-шайтандардың кесірінен сақтау үшін кішкене балаға мына дұғаны оқуға болады:

Арапша оқылуы:

أعيذُك بِكلماتِ اللَّهِ التَّامَّةِ ، مِن كلِّ شيطانٍ وَهامَّةٍ ومن كلِّ عينٍ لامَّةٍ

Қазақша транскрипциясы:

«Уғи́зукә (қыз баласы болса «уғизуки») бикәлима́тилла́һит тә́ммә́ти мин кулли шайта́нин уә һә́ммәәтин, уә мин Кулли айниль Лә́ммә».

(Екпін белгісі бар әріптерді созып дыбыстайсыз). 

Сіздің көзіңіз тимес үшін

Бір адамға немесе бір затқа көзіңіз өтіп, көз тимес үшін таң қалған кезде немесе сүйсініп мақтаған кезде «Мәшә Аллаһу лә қууәтә иллә билләһ» деуді ұмытпаңыз ("Кәһф" сүресі, 39 аят). Немесе қысқаша «Мәшә Аллаһ» десеңіз жеткілікті.

Арапша оқылуы: 

مَا شَآءَ ٱللَّهُ لَا قُوَّةَ إِلَّا بِٱللَّهِ

0 пікір