Ғазза төрінде 300 жұптың басын қосқан салтанатты ұлы той өтті. Бұл ұлы той — Палестина халқының қандай жағдай болмасын өз жеріне деген махаббатын және өмірге деген құштарлығын паш етті.
Үйінді астынан бүр жарған өмір
Қаншама ауыр сынақ бастан өтіп, жау бомбалары паналарын қиратып, қалаларын күлге айналдырса да, Ғазза халқы көктемдегі жас шөптей қайта қаулап, гүл жаруда. Күні кеше Ғазза секторының қақ ортасында үш жүзге жуық жас жұптың бір мезгілде шаңырақ көтеруі — бұл халықтың ешқашан сынбайтын асқақ рухы мен өз жеріне деген тамыры терең махаббатының айқын дәлелі. Бұл той тек отбасылық қуаныш қана емес, ұрпақ жалғастыру арқылы болашаққа тасталған үлкен үміт пен қажымас қайсарлықтың символы. Өлім мен өмір арпалысқан сәтте махаббатты таңдаған бұл жастар бүкіл әлемге: «Біз бармыз, біз тіріміз және біз өз жерімізде тамыр жая береміз!» деген үнсіз, бірақ айбынды жолдауы іспетті еді.










Дереккөз: Ramallah News