«Ясин» сүресін оқыңдар. Ол сүреде он берекет бар.
«Ясин» сүресін оқыңдар. Ол сүреде он берекет бар.
3 жыл бұрын 18812

Қасиетті Құран Кәрімнің аяттары мен сүрелерінің әрбірі киелі, берекетті және шипалы екендігі даусыз. Бірақ кейбір сүрелердің артықшылығын, тигізер пайдасын Алла елшісі (с.а.у.) ерекше білдіріп кеткен. Сондай сүрелердің бірі «Ясин» сүресі. «Әр нәрсенің жүрегі болады. Құранның жүрегі – Ясин. Кім оны бір рет оқитын болса, Құранды он рет оқығандай (сауап) болады»[1] - делінеді бір хадисте.

Тағы бір мүрсәл хадисте: «Кім Ясин сүресін күннің жарымында оқыса, оның қажет еткен нәрсесі қамтамасыз етіледі» делінген[2].

Ендігі жерде Ясин сүресінің 10 берекеті бары да айтылады. Ол жайында бір риуаятта былай делінеді:

«Ясин сүресін оқыңдар. Шынында ол сүреде он берекет бар:

  1. Оны аш адам оқыса, тоқ болады.
  2. Киер киімі жоқ кісі оқыса, киімі көк болады.
  3. Бойдақ оқыса, үйленеді.
  4. Қауіп төнген адам оқыса, амандықта болады.
  5. Қайғы-ғам кернеген кезде оқыса, шаттанады.
  6. Жолаушы оқыса, жолда жәрдем көреді.
  7. Бір затын жоғалтқан кісі оны оқыған болса, затын табады.
  8. Қайтыс болған кісіге оқылса, мархұмға жеңілдік болады.
  9. Шөл қысқан адам оқыса, сусындайды.
  10. Сырқат адам оқыған болса, сырқатынан айығады[3].

[1] Имам Тирмизи: «Сүнән».
[2] Дәрими. Мүрсәл хадис.
[3] Алауддин әл-Муттәқи әл-Һинди: «Кәнзуль Ъуммәл». 

0 пікір