Құранның әуені - жанға шипа
Құранның әуені - жанға шипа
4 жыл бұрын 3864
Меруерт Бақдәулетқызы

Ғылыми деректерге негізделген Құран аяттарының ақиқаты  бізге Құранның өзінен ғылыми түсініктеме іздеуімізді талап етті. Мысалы, оның "әуенінің" араб мәтініндегі қасиетті Жазбаның дыбысталуы, әуезділігі адам ағзасындағы ауруларды сауықтыру қасиетіне ие екендігі расталды. Белгіленген уақыт аралығында Құранның сүрелерін оқып, емдеу тәжірибесі АҚШ клиникасындағы араб тілін білмейтін еріктілерге  жасалды. Нәтижесі адам таңқаларлықтай жағдайда болды: Құранның әуезімен адамдардың 97%-ы невроздың әртүрлі формаларынан сауығып шыққан. Бұл құбылыстың құпиясын  БМУ психология кафедрасының профессоры Гесиод Аминев ашты.

Ол науқастардың дерттеріне оқу мақсатында Құран сүрелерінің графиктерін жасады. Алынған қисық сызықтар адамның бас миының тыныштық жағдайынан алынған электромагниттік толқындар тербелістерінің қисық графигіне сәйкес келді.

Айтылмыш тәжірибе жүйке жүйені тыныштандыратын Құран "әуенінің" емдік қасиетінің көрінісі болды. Бұған "Нұр" ҒЗО қызметкерлері де мидың оң және сол жақ жарты шарының жұмысын теңестіре отырып, сүрелердің дыбысталуын қорытындылап,  емдік қасиетін ашып,  өз үлестерін қосты.

Осы тұста Құран дыбысының әсемдігі мен күрделілігі әркімге терең ой салатыны сөзсіз. Оксфорд университетінің (Англия) атақты лингвист ғалымы,  араб тілін зерттеуші Хамильтон Гибб  қасиетті Құран жайында былайша тұжырымдайды: "Құранның моралі мен идеологиясы, оның тілі, стилі мен ұйқасы барлық әдеби шығармаларға ерекше ықпал етті. Құранда кездесетін белгілі бір тілдік ерекшеліктерді кейінгі жүзжылдықтың прозаларында да, болашақ әдеби шығармаларында да қолдан жасау  ешқашан мүмкін болмады".

Ал Құранды поэтикалық түрде орысша аударған атақты Құран аудармашысы Валерий Михайловна Порохова Құранның поэтикалық артықшылығын толықтай қайталау мүмкін еместігін былайша зерделейді: "Мен Құранның дыбысталу сұлулығының миллиондаған үлесін  бере алмадым".

Бұл мәселемен ешкім айналыспағанын әрі осы тақырып бойынша жұмыстар болмағандығын анықтағаннан кейін, біз ғалымдардың деректер болмаған кезде әрдайым ұқсастық пен салыстыруға жүгінетінін білеміз. Салыстыру нәтижесінде кенеттен гипотеза дүниеге келді.

Ғылым бойынша, біздің мінез-құлқымыз бізге табиғи іріктеумен негізделген генетикалық бағдарламамен түсіндіріледі. Генді ген деп есептей отырып, ғалымдар қартаю механизмін түсінді. Қартаю ағзаның тозуымен емес, гендермен байланысты. Біз өлімге жоспарланғанбыз. Бұл таймерге ұқсас құбылыс: жасушалар 50 рет бөлінеді, содан кейін өшіру түймесі іске қосылып, біз өмірден өтеміз. Кез келген ағза өзінің өмірлік тәжірибесін гендерде жазады, сондықтан барлық тіршілік иелері өз гендерін беруге тырысады.

Толқындық генетика ғылымы бұл мәселенің түйінін шешті. Биология ғылымдарының докторы Петр Горяев пен техника ғылымдарының кандидаты Григорий Тертышный гендердің электромагниттік сәулеленуін дыбыс пен жарық түрінде көрінуі мүмкін деп болжай отырып, оларды жарық пен дыбысқа түсірді.

Ғалымдар тәжірибе бойынша генетикалық ақпаратты дыбыстарға енгізуге болатындығын дәлелдеді.  Яғни, кез келген музыканың мағынасы бар, сондықтан санаға әсер етеді. Есіңізде болсын, сізге ұнайтын әуен ұдайы сіздің санаңызда бірнеше мәрте қайталануы мүмкін.  Өйткені, музыка, тіл сияқты бейнелерден тұрады, санаға ой салады.

Мәселен, Бетховеннің әйгілі "Айлы сонатасы" (композитор өзі «quasi una fantasia»  ("қиял сияқты" деп атаған) тыңдаушыларына түрлі бейнелер мен ассоциацияларды, субұрқақтың ағысын, құлауын елестетеді. Дыбыс артынан түрлі дыбыстар... Басқаша айтқанда, нағыз музыкада қандай да бір мағынаға толы бейнелі табиғи құбылыстар, ерекше ой тереңдігі көрініс табады.

Әуенде суреттелген бейне қаншалықты маңызды болса, соғұрлым ол  адам санасына да бөлекше ықпал етеді. Демек, Құранның "әуені" де өте күрделі және миға қатты әсер етеді, адам ағзасын түрлі сырқаттардан сауықтырады. Осылайша Құран әуенінің емдік қасиеті жылдар өткен сайын ғылыми тәжірибе жүзінде зерделеніп, көпшілікке ой салып, толғандырып отыр. 

Аударған: Меруерт  Бақдәулетқызы
Дереккөз: fondihlas.ru

 

0 пікір