Жәннаттық төрт өзен (хадис)
Жәннаттық төрт өзен (хадис)
2 сағат бұрын 151

Әбу Һурайрадан (разияллаһу анһу) жеткен риуаятта:

«Ардақты Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейхи уа саллям): «Сырдарья (Сайхун), Амударья (Жайхун), Ефрат және Ніл – бәрі де жәннат өзендерінен», – деген.

(Имам Муслим риуаят еткен).

Хадистің әдемі астары мен ғибраты

Көптеген ғұламалардың түсіндіруінше, бұл өзендердің «жәннат өзендері» деп аталуы – олардың жер бетіндегі адамзатқа әкелер берекесі мен пайдасының орасан зор екендігінде. Бұл су көздері – елдің ырзық-несібесі, егіншілік пен тіршіліктің түп қазығы, жандарға өмір сыйлайтын берекелі бұлақ. Құран Кәрімде жаннаттың сипаты баяндалғанда, оның астынан сырғып аққан өзендер жиі тілге тиек етіледі. Міне, жердегі бұл төрт өзен де бейне бір солар сияқты айналасына өмір нұрын сеуіп жатыр.

Ислам нұрының таралуы

Сондай-ақ, бұл хадисті кейбір ғалымдар осы өзен бойларын мекендеген халықтардың Ислам дінін құшақ жая қабылдап, Жәннат иелерінен болатынына берілген ишара деп жорыған. Шындығында да, Пайғамбар (саллаллаһу алейхи уа саллям) хабарлаған дін ислам дәл осы өзен аңғарларында кеңінен тамыр жайды. Ал оның тұрғындары хақ дінді төрткүл дүниеге жаюда айрықша рөл атқарды.

Төрт өзеннің тарихы мен табиғаты

  • Сайхун мен Жайхун: Имам Навауи мен Ибн Хажар әл-Асқалани сияқты ғұламалар бұл өзендерді Орта Азияның басты артериясы болып есептелетін – Сырдарья мен Амударья өзендері деп түсіндірген. Орталық Азия жеріндегі бұл қос өзен Ислам өркениеті үшін баға жетпес тарихи мәнге ие. Ал кейбір ғалымдар бұларды Кіші Азиядағы (Анталия, қазіргі Түркия) Адана өңіріндегі Сейхан мен Жейхан өзендері деп те меңзейді. Олар да өз кезегінде тарихи зор маңызға ие.

  • Фурат (Ефрат): Түркия биіктерінен бастау алып, Сирия мен Ирак жерін жарып өтетін аңызға толы өзен. Ислам тарихындағы талай елеулі де оқиғалар дәл осы өзеннің бойында орын алған.

  • Ніл: Африка құрлығының ұлы өзені, негізінен Мысыр мен Судан жерін басып өтеді. Ежелгі Мысыр өркениетінің бесігі болған бұл өзен – адамзат тарихының өшпес куәсі.


Дереккөз: islom.uz

 

0 пікір