Қағбаның қандай құпиясы бар?
Қағбаның қандай құпиясы бар?
4 жыл бұрын 8839
Лаура АЛМАХАНОВА

Кейде мұсылмандар «Қағбаны не үшін айналасыңдар?», «Неге дәл сол жер соншалықты қасиетті?» деген және осыған ұқсас сұрақтарды жиі естиді. Жасыратыны жоқ, мұсылмандардың өздері де осы сұрақ жөнінде ойланып қалады.

Қағба – араб тілінен сөзбе-сөз аударғанда «құрметтелген, ұлы, үлкен жер» деген мағына береді. Және «куб» яғни, текше деген де мағынасы бар. Сонымен бірге «Байтуль Ъатиқ», яғни, «Ең ежелгі, ең бірінші» және «Байтуль Харам» яғни «Қасиетті үй» деген мағына береді[1]. Қағбаның тек исламмен және арабтармен ғана байланысы бар және ол Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) өмір сүрген тұста пайда болды деп сену қате.  Құранда «Әли Имран» сүресінің 96-аятында: «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол», - деп баяндалады. Бұл аят Меккенің барша адамзат үшін ерекше мекен екенін нұсқайды.

Енді сол қасиетті Қағбаның ғылыми тұрғыдан зерттеулеріне жүгінсек. Мысырлық маман, Каир университетінің география профессоры Хусейн Камалуддин, су үстіндегі жанартаулық белсенділік нәтижесінде алғаш рет құрлық Қағба орналасқан жерде пайда болғандығын ғылыми тұрғыдан анықтады[2]. Құрлықтың сол жерден тарай бастағанын, бұған дейін барлық құрлықты су басып тұрғанын басып айтты.  Сонымен қатар, ұзақ есептеулер мен модельдеу негізінде Мекке, нақтырақ Қағба орналасқан жер бүкіл жердің орталығы екендігін дәлелдеді. Егер қолыңызға дүниежүзінің картасын алып, ортасына бүктеп бір-біріне қосып көрсеңіз, бұған анық көз жеткізесіз.

Адам құбылаға қарап, басын сәждеге қойған кезде, адам денесінен зиянды зарядттар шығып кетеді. Және бұл ағзаның, оның энергетикалық жүйесін, тепе-теңдікті ұстауға мәжбүрлейді. Мұның қалай жұмыс істейтінін білу үшін, «алтын қима» концепциясы жайлы білуіміз керек.

Математикада «Фи 1,618» деген сан бар. «Алтын қиманың» анағұрлым ұзын (А) қашықтық пен анағұрлым қысқа (В) бөлігі фи-константаға (1,618) тең.  Бұл қима сондай-ақ «таңғажайып үйлесімдік» деп те аталады. Алла Тағала дәл осы сандар тіркесін жаратылыстарының  көптеген құбылыстарында қолданған: жүрек соғысында, ДНҚ молекулаларының логарифмдік спиралінің ұзындығы мен еніне қатынасында, әлем құрылымының ерекшеліктерінде, жапырақтар мен өсімдіктердің орналасу үлгісінде, қар қиыршықтарының кристаллды құрылымында, көптеген галактикалардың спиральды құрылымдарында және т.б. Барлық жерде Жаратушы бірдей осы 1,618 санын  қолданған. Бұл сан мысырлық пирамидалардың құрылысында да, әйгілі сәулет құрылыстарында да қолданылған. Өз шығармаларында атақты неміс астрономы Иоганн Кеплер бұл санды «баға жетпес қазына» деп атайды. Доктор Стивен Марко өзінің 25 жылдық жұмысының және кең тәжірибесінің нәтижесінде бұл қатынас атом деңгейінде адамның құрылымында болатындығын дәлелдеді. Адамның бет-әлпеті және денесі осы керемет дизайнмен жасалған. Бұл жер бетіндегі кез-келген адамға қатысты.

Егер біз бұл қиманы Жерге қолдансақ, жоғарыда атап өткеніміздей, онда жер шарының алтын нүктесі Мекке қаласы екеніне көз жеткіземіз. Мекке қаласы мен солтүстік полюс арасындағы қашықтық пен Мекке қаласы мен оңтүстік полюс арасындағы қашықтық 1,618 санына тең келеді. Алтын үйлесімдік дегеніміз осы. Сондай-ақ оңтүстік полюс пен Мекке арасындағы қашықтығы екі полюс арасындағы қашықтық арақатынасы тағы да, 1,618-ге тең екенін айта кету керек. Америкалық «Phi Matrix» бағдарламасын суретшілер сурет пен сызулардың алтын қимасын анықтау үшін қолданады. Егер осы бағдарламаға әлем картасын жүктесек, онда Жердің алтын нүктесі - қасиетті Мекке қаласы екендігі көреміз. Осы есептеулердің барлығы жер шарының алтын нүктесінің жалғыз орталығы Мекке қаласы екенін дәлелдейді.[3] Құран Кәрімде «Мекке» сөзі айтылған аятта көптеген адамдардың сенімін күшейтетін айқын дәлелдер бар. «Әли Имран» сүресінде: «Негізінен адам баласы үшін Меккеде алғаш құрылған үй (Қағба) бүкіл әлемге мүбарак және тура жол», - деген 96-аятында Алла Тағала Мекке мен алтын нүкте арақатынасы туралы нұсқайды. Бұл аят арабтың 47 әрпінен тұрады. Егер осы аяттың алтын пропорциясын есептесек, оның ортасы «Мекке» сөзіне келеді. Бүкіл аяттың әріптерінің санын 1,618-ге бөлсек, 29 саны шығады. 29-әріптен кейін аяттың басынан «Мекке» сөзі шығады. Демек, «Мекке» сөзі бұл аяттың алтын нүктесі. Міне, Алланың мұғжизасы. Ал, Меккенің алтын нүктесі – бұл қасиетті Қағба. Қағба жер шарының алтын нүктесі болғандықтан, бұл жердегі ең қуатты энергетикалық өріс бар.

Профессор Хусейн Камалуддиннің Мекке қаласы туралы бұл ғылыми жаңалығы 1977 жылдың қарашасында ресми түрде жарияланды. Ол сонымен қатар  Жердің магниттік орталығы Меккеде, атап айтқанда Қағбаның тұрған жерінде екенін жазды. Ол мұндай пікірді Жердің магниттік полюстері өзгергенде Қағбаның полюсі қалпында қалатындығын байқағаннан кейін айтты. Жердің кез-келген нүктесінен құбыла бағытының магниттік сызықтарға сай келетінін және бұл сызықтардың Мекке қаласына қарай бағытталатынын анықтағанда қатты таң қалған. Және  Жердің нағыз магниттік меридианының әлемде кең таралған Гринвич бойынша емес (Англия), Мекке бойынша өтетіндігін анықтады. Гринвич меридианы магниттік полюстер өзгерген кезде қозғалады, ал Қағба бойымен өтетін меридиан орнында қалады, өйткені Жердің магнит осі осы Қағба арқылы өтеді.

Профессор осы таңғажайып жаңалықтан бөлек, ғылым адам денесінде магниттік меридиандар бар екендігін, және сол магниттік меридиандар Жердің магниттік сызықтарына сәйкес келсе адам ағзасына пайдалы,  ал  кесіп өтсе зиянды әсер ететінін де дәлелдеді. Мұның бәрі намаз оқығанда құбыла бағытына тұру нұсқауымен байланысты болуы бек мүмкін. Намаздың дұрыс болуының бір шарты – қасиетті Қағбаға қарап оқу. Құбылаға қарау намаздың шарты екендігіне: «Қайдан шықсаң да жүзіңді Харам мешітіне бұр. Қайда болсаңдар да, жүздеріңді солай (Қағбаға) қаратыңдар», – деген «Бақара» сүресінің 150-аяты дәлел болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) намаздарын мүмкіндігінше Қағба бағытына қарап оқуға тырысқаны белгілі.

Күн сайын біздің денеміз қоршаған ортадан зиянды электромагнитті зарядтарды жинайды. Және бұл зарядтар маңдайға шоғырланады, яғни депрессия, бас ауруын, жалқаулық, психикалық қысым және анағұрлым қауіпті проблемалар шақыратын мидың маңдайлық үлесі. Мидың маңдайлық бұл бөлігі оң және теріс энергияны қабылдайтын «маңдай чакрасы» деген атпен белгілі. Бұл зиянды зарядтар басты жерге қойғанда шығатыны анықталды. Бірақ тиімді нәтиже үшін денеміздің «маңдай чакрасын» жердің ең қуатты өрісіне бағыттап қоюымыз керек, яғни, Қағбаға.

Құлшылық кезіндегі ми толқындарының белсенділігін зерттеген доктор Эндрю Ньюсберг басты сәждеге қоюдың мидың бірнеше жерлеріне біршама тікелей әсер етуін анықтады.[4]  Намаздың пайдасы мен артықшылықтары таңғажайып! Демек, күнделікті 5 уақыт намазда басты сәждеген қою арқылы біз мидың маңдай үлесінің қысқаруын тоқтатамыз. Мидың бұл бөлігі біздің жадымызды, сөйлеуімізді,  оқуымызды реттейді. Сондықтан бұл қартайған шағында есінен алжасудың алдын алуға жәрдемдеседі. Намаздың пайдасы  өз алдына бөлек бір тақырып.

Егер, кіп-кішкентай квант әлемінен бастап, ғаламдағы алпауыт ғарыш денелеріне қарасақ, атомнан бастап, үлкен жұлдыздар мен планеталардың барлығы белгілі бір осьтің бойымен сағат тіліне қарсы бағытта айналады. Мұсылмандар да Қағбаны сағат тіліне қарсы айналып, тауаф жасайды. Бұл құлшылық актісі, әлемде барлығы Жаратушысына табынатынын білдіреді және барлық жаратылыстың біртұтастығын көрсетеді.

Америкалық астроном Фред Лоуренс Уиппл және профессор Лоуренс Йосеф америкалық жергілікті басылымдарының бірінде: «Егер мұсылмандар, қасиетті саналған Мекке қаласындағы Қағбада тауаф рәсімін жасауды  немесе дұғалар оқуды доғарса, Жер шарының айналуы міндетті түрде тоқтайды, өйткені Қағбадағы Қара тасқа бағытталған суперөткізгіштің айналуы электромагниттік толқындарды  шашыратуын тоқтатын болады. Ал, бұның Жер ғаламшарындағы тіршілік иелері үшін үлкен қауіп екені айтпаса  да түсінікті», - деп жазады[5].

Меккедегі қара базальт тастары әлемдегі ең көне тастар екендігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген және зерттеу нәтижесі жарияланған. Ғалымдар Меккеден базальт тастарын алып, олардың қалыптасқан жерлерін зерттеді. Мысыр  ұлттық-ғылыми зерттеу орталығының докторы  Әбд әл-Бассет әл-Саййид  2006 жылдың 9-наурызында  «Әр-Рисәлә» (1991 жылы ашылған мысырлық спутниктік арна)
арнасына берген сұхбатында мына жайды баяндады: «ХVIII ғасырда британ ғалымдары Қара тасқа қызығушылық білдіріп, зерттей бастады. Британ мұражайында Қағбадағы Қара тастың 3 бөлшегі бар. Британдық зерттеушілер Қағбаның Қара тасы ғарыштан жартылай өткізгіш екенін және бұл тастар біздің Күн жүйемізден емес екенін дәлелдеді. Яғни ол Жәннаттан түскен Қара тас екендігі анықталып тұр. Жартылай өткізгіштер электрониканың дамуына әкеледі. «NASA» агенттігі Британ мұражайындағы  үш тастың біреуін миллиондаған телефон сымдарымен зарядтады, бірақ тас төтеп берді. Тастың мөлшері нәбәрі бұршақтың көлеміндей еді. Олар оны 100 миллион телефон сымымен зарядтады, бірақ тас оған тағы да қарсы тұрды. Осы зерттеуде бұл тастың көрінбейтін 100 сәуле шығаратыны анықталды. Әр сәуле 10 000 адамнан өте алады»[6].

15 университетте жүргізілген зерттеулер дәлелдегендей, Қағбадағы Қара тас - бұл құрамы жағынан болаттан  23000 есе күшті, өте жоғары металлдан тұратын метеорит. Дәл осы Қара тас «дирижер» сияқты мықты бағыттаушы рөл атқарады және ол мыңдаған шақырымға жететін микрофон сияқты жұмыс істейді.

Осы зерттеулердің нәтижесін көрген астроном Фред Лоуренс Уиппл: «Қағбаны айналғанда және намаз уақыттарында  «супер дирижерді» іске қосып тұрған мұсылмандардың алдында біздер қарыздармыз»,- деп атап өтті.

Нил Армстронг 1969 жылғы 20 шілдедегі экспедиция барысында Ай бетіне алғаш табаны тиген адам болды. Айдан Жерді суретке түсіргенде, Жердің қараңғы аспалы сфера екендігін көрді. Сол кезде ғарышкер: «Жер – қараңғы аспалы сфера – кім оны іліп қойды?» деді. Ай бетіне алғашқы сапары барысында жердің радиация тарататынын анықтады, сол шығып жатқан сәуленің Меккеден, нақтырақ Қағбадан шығып жатқандығына көз жеткізді. Және бұл жайлы ғаламторда  ғылыми мақала жарық көрді. Адамзат тарихында бұл өте маңызды оқиға болды, себебі онда дәл Қағбаның радиация шығаратыны жазылған еді. Иә, бұл факт.

Ғарыш кеңістігінде Жер шарының тағы бір қызық көрінісі 2012 жылдың қараша айында жарияланды. Ресейлік ғарышкер Анатолий Иванишин: «Ғарышта болғанымызда біз әріптестерімізбен бірге өзінің түнгі көрінісімен талайды таңқалдырып жүрген АҚШ пен Еуропа қалаларын суретке түсірдік. Алайда, суреттер сапасыз болып шықты. Кейін Жердің өзге өңірлерін де суретке түсірдік. Аппаратымыздың объективі Араб түбегін нысанаға алған кезде, біз тамаша көріністің куәсі болдық. Суреттерден жарқырап тұрған екі нүктені байқадық. Дегенмен, оның не екенін білген жоқпыз. Кейін анықтағанымызда, олардың мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Мекке мен Мәдина қалалары екенін білдік», - деп, тамсанған болатын. Ол ғарышта куә болған ғажайыпты «Құдайдың құдіреті» деп атады. 

Осы ғылыми дәлелдерсіз де біз Аллаға және Оның бізге жібергеніне шүбәсіз сенетінімізді атап өткім келеді. Уақыт өте келе қасиетті Қағба мен Қара тастың бізге беймәлім тағы да бір сыры ашылар, мүмкін... Ғаламда Қағбадан басқа қаншама миллиондаған кереметтердің айқын көрінісі бар. Барлық нәрсені даналықпен, тәртіппен жаратқан Алла Тағала қандай Ұлы еді!


Пайдаланған материалдар: 

1. http://www.taglym.kz/ «Екі қағба бар екенін білесіз бе?»;
2. https://asylarna.kz/ «Меккеде қандай құпия бар?»;
3. https://mahachkala.bezformata.com/ «Точка Золотого сечения»;
4. https://vk.com/wall-55018890_4002449
5. http://menaramadinah.com/.
6. https://www.islamicboard.com/world-affairs/17448-black-stone-eh-mecca.html

0 пікір