Ораза мен ораза ұстаушылардың түрлері
Ораза мен ораза ұстаушылардың түрлері
25 күн бұрын 2259

Бисмилләһир рахманир рахим

Ораза үш түрлі:

  • Рухтың оразасы, дүниенің өткінші екендігін ұғыну.
  • Ақылдың оразасы - нәпсісі мен ЭГОсына қарсы іс жасау.
  • Дене мүшелерінің оразасы - күні бойы ішуден, жеуден және қатынасқа түсуден тыйылу.

Ораза ұстаушылардың түрлері:

  1.  Уа, баурым кім ішіп-жеуден ауыз бекітсе, онысы әдеттегі ораза.
  2. Кім өсімқорлыққа және харамға ауыз бекітсе (тыйылса), адал табыспен ауыз ашса (адал табыс тапса), оның оразасы - құлшылық оразасы.
  3. Кім күнәларға және Аллаға қарсы келуге ауыз бекітсе (тыйылса) және Рахман Аллаға бойсұнумен ауыз ашса, оның оразасы - разылыққа бөленген пенденің оразасы.
  4. Кім жамандыққа ауыз бекітіп (жамандықтан тыйылып), көместі білуші Аллаға тәубе етумен ауыз ашса, ол - тақуа жанның оразасы.
  5. Кім ғайбат пен өсек-аянға ауыз бекітіп (тыйылып), Құран оқумен ауыз ашса, ол - ақылды адамның оразасы.
  6. Кім рия мен мақтанышқа ауыз бекітіп (тыйылып), кішіпейілділік пен ықыласқа ауыз бекітсе, ол - дұрыс жанның оразасы.
  7. Кім нәпсісі мен құмарлығына ауыз бекітіп, шүкір мен қанағатпен ауыз ашса, ол - табысты адамның оразасы.
  8. Кім дүниеде мәңгі өмір сүретіндей көрінетін ойына ауыз бекітіп, ажалы жақын екен деген ойымен ауыз ашса, ол - дүниеге берілмейтін адамның оразасы.

«Неге отыз күн ораза ұстау парыз болған» деп сұрасаң, оның жауабы келесідегідей: қиямет қайымда сырат көпірінде тұру отыз жылға созылады екен. Сонда кім осы дүниеде отыз күн ораза ұстап жүрген болса, Алла Тағала оның сыраттағы тұрысын аман-саулықта, бақыт пен жеңілдікте, сый-құрметте өткізуін қамтамасыз етеді екен. Ендеше, ей Алланың құлдары, осы қасиетті айда шектен шықпай, ереже-қағидаты шеңберінде ұстап, тақуалыққа ден қойып, өздеріңізді сыраттағы ұзақ тұрысқа дайындаңыздар1..


1  «Бустануль уағизин (уағызшылардың бақшасы)». Араб тілінде.

0 пікір