Намаздың 15 пайдасы
Намаздың 15 пайдасы
1 жыл бұрын 5138

Кейбір риуаяттарда намаздың келесідегідей пайдалары бары айтылады. 

 Намаз:

1) Құдай Тәбәрәкә уә Тағаланың ризалығы.

2) Періштелердің сүйіспеншілігі. Пайғамбарлардың жолы. Танымның нұры.

3) Иманның негізі. Дұғаның қабыл болуы.

4) Амалдардың қабыл болуы.

5) Ырзық-несібенің берекеті.  

6) Дұшпанға қару.

7) Шайтанға ұнамсыз іс.

8) Кісі мен жан алушы періште ортасында шапағатшы.

9) Қабірінде шырақ. Қара топырақта бүйірінің астына төселер төсеніш.

10) Мүнкір-Нәкір періштелерінің сұрақтарын жеңілдетуші.

11) Қияметке дейін қабірінде серік.

12) Қайта тірілген күні төбесінде сая, басыңа таж, денесіне киім.

13) Алдында жарқырар нұр. Тозақ пен оның арасындағы перде.

14) Алла Тағаланың құзырында айғақ.

15) Амал таразысында ауыр басар амал, сырат көпірінен өтер өткел, пейіштің есігін ашар кілт.

16) Өйткені намаз – Алланың мәктеу, Оған мадақ айту, Алланы ұлықтау, қырағат және дұға. Барлық амалдардың ең абзалы – уақтылы оқыған намаз!»[1].


[1] «Тәнбиһуль ғофилин».

0 пікір