Күнәға итермелеп тұрғанның нәпсі екенін, не, шайтан екенін қалай ажыратуға болады?
Күнәға итермелеп тұрғанның нәпсі екенін, не, шайтан екенін қалай ажыратуға болады?
9 ай бұрын 4051
Имам Шағрауи (1911-1998 ж)

Шайтан мен нәпсінің бір айырмашылығы - нәпсің бір күнәға құмартып, қоймай соған ынтықтырып, сенің қарсылығыңа қарамай, соны істеуге табанды болып тұрса, онда сені күнәға жетелеп тұрған нәпсі екендігін біл. Өйткені, нәпсі өзінің иесін, яғни, адамды күнәнің белгілі түрін, яғни, ол өзі (нәпсі) құмартып тұрған белгілі күнә түрін істетуге құштар болып тұрады. 

Ал шайтан болса, олай емес. Ол басқаша жұмыс істейді. Шайтанның мақсаты - мүмін адамға күнәнің қай түрін болса да істу. Ол үшін пенденің қай күнәні істегені онша маңызды емес, әйтеуір күнә істесе екен деп тұрады Сондықтан да, алдымен ол саған әлдебір күнә есігінен кіріп, байқап көреді, егер сен ол күнәға қарсы берік, мықты болсаң, шайтан сені ол күнәға итермелеуін қоя салады, табандылық көрсетпейді. Оның орнына ол (шайтан), басқа күнә есігінен үңіліп көреді, осылайша адамның әлсіз тұсын іздейді.

Мысалы, Ібіліс шайтан бір мүмін пенденің намазына және зекетіне берік екендігін, ал бірақ әйел затына деген әлсіздігі барын сезсе, шайтан оның осы жөнінен келіп, бір ашық-шашық әйелді оған әдемі көрсете бастайды, оның назарында оны сұлу қылып көрсетуге тырысады, артынша мұны да, әйелді де азғырып, ақыры харамға түсіреді. Адам зина істесе - үлкен күнә істеген болады.

Ал егер шайтан пендені әйелдермен азғыра алмайтындығын сезсе, оны қоя береді де, оған шарапты немесе өсекші, жаман ортада отыруды әдемі қылып көрсете бастайды. Маңыздысы сол, шайтан, пенденің берік әрі мықты тұсына тимейді, ол үнемі пенденің әлсіз тұсын іздейді, әлсіз тұсынан келіп, азғырып, күнәға түсіруге талпынады. Нәпсі мен шайтанның бір айырмашылығы осы1.


1  Имам Шәғрауи, «Қазая», 3/29 бет.

0 пікір