Оның (с.а.у.) адам­зат­ты тән­ті ет­кен көр­кем мі­нез-құл­қы – пай­ғам­бар­лы­ғы­на дә­лел
Оның (с.а.у.) адам­зат­ты тән­ті ет­кен  көр­кем мі­нез-құл­қы – пай­ғам­бар­лы­ғы­на дә­лел
10 жыл бұрын 4900
Қайрат Жолдыбайұлы

Адам­зат Оның (с.а.у.) мі­нез-құл­қы­на тән­ті. Ға­сыр­лар озып, ғы­лым да­мып, мә­де­ниет өр­кен­де­се де, күл­лі адам­зат Оның (с.а.у.) бой­ын­да­ғы ас­қақ та, биік қа­сиет­те­рі­не қай­ран қа­лу­мен ке­ле­ді. Оның күн­нен-күн­ге кө­бейе түс­кен үм­бе­ті қай­та­лан­бас өмір жо­лын, көркем мі­нез-құл­қын «қасиет­ті сүн­нет», деп өне­ге етіп ұ­стану­да. Та­рих­та Оның өмі­рін­дей еш­бір дақ түс­пе­ген та­за да пәк, ғиб­рат­қа то­лы екін­ші бір ғұмыр жоқ. Алла Ел­ші­сі­нің (с.а.у.) дү­ние сал­ға­ны­на он төрт ға­сыр­дан ас­там уа­қыт өт­се де, Ол бар­ша мұ­сыл­ман­ның жү­ре­гін­де ті­рі, тіп­ті сүн­не­ті­мен бір­ге жүр. Оның мү­бә­рак есі­мі әр­бір азан мен қа­мат­та үне­мі қай­та­ла­нып, жү­ре­гі­міз­де жаң­ғы­ру­да. Иман нұ­ры­нан нәр ал­ған әр­бір адам Алла Ел­ші­сі­нің (с.а.у.) тек бір сүн­не­ті­мен өмі­рін өр­нектеу үшін қо­лын­да­ғы бар құн­ды­сын жұмсау­ға, тіп­ті жа­нын пи­да ету­ге дай­ын.

Абай ата­мыз ха­лық­ты Пай­ғам­ба­ры­мыз­дан (с.а.у.) үлгі алу­ға бы­лай деп үн­дей­ді:

«Алла мін­сіз, әуел­ден пай­ғам­бар хақ,

Мүмин бол­саң үй­ре­ніп сен де ұқ­сап бақ.»

Иә, он төрт ға­сыр бұ­рын ғұ­мыр кеш­кен Алла Ра­су­лы­ның көр­кем де әсем мі­нез-құл­қы әр­бір мұ­сыл­ман бала­сы­ның аң­са­ры­на ай­нал­ды. Се­бе­бі, Он­да­ғы бұл асыл қа­сиет­тер – адам­зат­ты адам­дық­тың ас­қар шы­ңы­на шы­ға­рар еш өз­гер­мес ере­же-қа­ғи­да, бар­лық жақ­сы­лық атау­лы­ға ба­ғыт көр­се­тер те­мір қа­зық іс­пет­ті.

Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың бой­ын­да­ғы қа­сиет­тер мүл­дем ерек­ше де­дік. Кез кел­ген адам бір-бі­рі­не қа­ра­ма-қай­шы екі көр­кем қа­сиет­ті бір-бі­рі­не ара­лас­ты­рып, ша­тас­тыр­ма­стан алып жү­руі өте қиын. Мы­са­лы, бір адам жо­март бо­луы мүм­кін, бі­рақ бұл жо­ма­рт­ты­ғын асы­рып ысы­рап дә­ре­же­сі­не дейін апа­руы мүм­кін не­ме­се қо­лын­да­ғы­сын үнем­дей­мін деп жү­ріп са­раң­дық­қа бой ал­ды­руы да ық­ти­мал. Ба­тыр, қа­һар­ман бо­луы мүм­кін, бі­рақ бұл ер­жү­рек­тік қа­сиеті өз ар­на­сы­нан шы­ғып, ал­ды-ар­тын аң­да­май­тын, жақ­сы-жа­ман деп тал­ға­май­тын соқыр­лық дә­ре­же­сін­де қа­ті­гез­дік­ке ұла­суы ға­жап емес. Ал, Пай­ғам­ба­ры­мыз бол­са, еш­бір жақ­сы қа­сиет­ті екін­ші бір қа­ра­ма-қай­шы қа­сиет­пен ара­лас­тыр­ма­ған. Өз ар­на­сы­нан асыр­ма­ған. Алла Ел­ші­сі ер­жү­рек, ба­тыр жә­не мұ­ны­сы­мен қо­са құ­мы­рыс­қа­ны бай­қа­май ба­сып кет­се, жү­ре­гі ел­жі­реп, ді­ріл қа­ға­тын­дай аса мейі­рім­ді, ра­қым­ды жә­не кі­ші­пейіл еді. Өте кі­ші­пейіл, мейі­рім­ді бо­ла­мын деп еш­қа­шан қор­қақ­тық пен қор­ла­ну­ға бас име­ген. Алла Ел­ші­сі өте сал­мақ­ты, бай­сал­ды­лы­ғы­мен қо­са жанын­да­ғы адам­дар­ға шат­тық сый­лай ала­тын жар­қын жүз­ді еді. Жал­пы ға­лам­ға ұс­таз­дық етіп, үл­кен мә­се­ле­лер­ді қоз­ға­ған Пай­ғам­ба­ры­мыз кіш­кен­тай бүл­дір­шін­дер­мен құм­да оты­рып ой­ын­шық ойнай­тын­дай қа­ра­пай­ым әрі кі­ші­пейіл еді. Қыс­қа­сы, әр қа­сиет­ті өз ар­на­сы­нан асы­рып екін­ші бір жа­ман қа­сиет­тің жа­ға­сы­на апар­ма­ған. Яғ­ни, та­ра­зы­ның екі ба­сын тең ұс­тап, те­пе-тең­дік­ сақ­та­ған.

Әр қа­сиет­ті өз ор­нын­да қол­дан­ба­ған жағ­дай­да да ол қа­сиет­тің ма­ғы­на­сы өз­гер­мек. Мы­сал­ға, әкім қыз­мет орнын­да көр­сет­кен сал­мақ­ты­лы­ғын от­ба­сын­да көр­сет­се, тә­кап­пар­лық­қа ай­на­ла­ды. Әс­кер­де­гі жауын­гер­дің ха­лық­қа көр­сет­кен мейі­рім­ді­лі­гі мен ке­ші­рім­ді­лі­гін жауға, дұш­пан­ға қол­дан­са, хал­қы­на де­ген зұ­лым­дық­қа айналмақ.

Жан-жақ­ты же­тіл­ген ке­мел адам­ның бойы­нан та­бы­лу­ға тиіс көп­те­ген көр­кем қа­сиет­тер­ді ең жо­ғар­ғы дә­ре­же­де әрі әр­қай­сы­сын өз ор­нын­да бір-бі­рі­мен ша­тас­тыр­ма­стан ең ке­ре­мет түр­де қол­да­нып, үмбеті­не іс жү­зін­де көр­се­те біл­ген адам – пай­ғам­бар бол­ма­са, кім бол­мақ?

Та­рих­та ке­ліп-кет­кен көп­те­ген ұлы тұл­ға­лар­ды зерт­те­ген уақы­ты­мыз­да олар­дың бой­ын­да тек кей­бір жақ­сы қа­сиет­тер­дің ға­на орын ал­ға­ны­на куә бо­ла­мыз. Кей­бі­реуі атым­тай­дай жо­март, бі­рақ дәл сон­дай дә­ре­же­де ке­ші­рім­ді, кі­ші­пейіл емес. Кей­бі­реуі ке­ші­рім­ді, кі­ші­пейіл, бі­рақ ашу­ға бас ие­тін са­быр­сыз. Ер­жү­рек ба­тыр, бі­рақ дәл сон­дай дә­ре­же­де мейір­бан емес. Ал, Пай­ғам­ба­ры­мыз – жақсы де­ген қа­сиет­тер­дің бә­рін бой­ына жи­най біл­ген әрі әрбір қа­сиет­ті ең биік шы­ңын­да іс жү­зін­де қол­да­на білген жал­ғыз адам. Алла Та­ға­ла Құ­ран­да: «Сен ке­ре­мет мі­нез-құ­лық­қа ие­сің» – деп Алла Ел­ші­сі­нің бой­ын­да­ғы осы қа­сиет­тер­ді нұс­қай­ды.

Аме­ри­кан­дық ға­лым Май­кл Харт өзі­нің «Адам­зат та­ри­хын­да­ғы ұлы жүз­дік» ат­ты кі­та­бын­да адам ба­ла­сы­ның та­ри­хын­да өне­ге­лі де ғиб­рат­ты із қал­дыр­ған ұлы тұл­ға­лар­дың өмір­баян­да­рын жаз­ған. Май­кл Харт ең­бек­те Арис­то­тель, Пла­тон, Евк­лид, Ар­хи­мед бас­та­ған топ­тың ал­дын­да ең бі­рін­ші бо­лып Мұхаммед (с.а.у.) пай­ғам­бар­ды көр­сет­кен екен. Бұл­тарт­пас ғы­лы­ми тұ­жы­рым жасау үшін Мұхаммед Пай­ғам­бар­дың (с.а.у.) өмір­бая­нын бас­қа тұл­ға­лар­мен бір­ге ком­пью­тердегі арнайы бағдарламаға ен­гіз­ген Май­кл Харт таң­да­ны­сын жа­сы­ра ал­ма­ған. Се­бе­бі ком­пью­тер­ге түс­кен 100 адам­ның іші­нен Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) есі­мі бір­не­ше мәр­те бі­рін­ші бо­лып шық­қан.

Иә, Пай­ғам­ба­ры­мыз бой­ын­да­ғы он төрт ға­сыр өт­се де еш ес­кі­ріп, тоз­бай­тын­дай әрі қия­мет­ке дейін ке­ліп-ке­тер күл­лі адам­зат­ты тән­ті ет­кен осынау ұлы қа­сиет­тер мен көркем мі­нез-құ­лық­ты кімнен үй­ре­ніп, қай­дан ал­ды? Оны (с.а.у.) осын­дай етіп кім тәр­бие­леп жетілдірді?

Бұл сұ­рақ­тың жауабы ре­тін­де әке-ше­ше­сі дейін де­сек, Пай­ғам­ба­ры­мыз әке­сі­нен ана­сы­ның құр­са­ғын­да ал­ты ай­лық ке­зін­де, ше­ше­сі­нен ал­ты жа­сын­да ай­ыры­лып, тұл же­тім қал­ды. Де­мек, Алла Ел­ші­сі­нің тә­лім-тәр­биені әке-ше­ше­сі­нен алуы еш мүм­кін емес. Ал, оған бұл көр­кем мі­нез, жал­пы тә­лім-тәр­биені өс­кен ор­та­сы, өмір сүр­ген қо­ға­мы бер­ді дейін де­сек, ол қо­ғам­ның та­рих­та «на­дан­дық, қа­раң­ғы­лық дәуірі» деген қа­ра таң­ба­сы­мен орын теп­ке­ні бә­рі­міз­ге мә­лім. На­дан­дық пен қа­раң­ғы­лық, зұ­лым­дық пен қа­ті­гез­дік би­лік ет­кен бұл қо­ғам­да қыз ба­ла­сы ті­рі­дей кө­мі­ліп, әйел атау­лы қор­ла­нып, ба­зар­лар­да бей­не бір зат­тай сау­да­ла­нып, зи­на­қор­лық ашық­тан-ашық жа­сал­ды. Тіп­ті, зи­на жа­саушы осы ұят­ты ісі­мен ха­лық ал­дын­да мақ­та­нып, атақ-абы­рой­ға ке­нел­ді. Ата-тек, ше­жі­ре ша­та­сып, көп­те­ген ба­ла­лар өз әке­сі­нен бей­ха­бар-ды. Ақ қа­ра деп са­на­лып, ақи­қат жал­ған­ға бұрмаланып, за­лым­дық бей­не бір әділ­дік­тей кө­рін­ген бұл қо­ғам­да әл­сіз­дер құл­ға ай­на­лып, бар құ­қық­та­ры бәз­бір адам бей­не­сін­де­гі жырт­қыш­тар­дың ая­ғын­да тап­та­лып жат­ты. Мі­не, осын­дай бір қо­ғам – қия­мет­ке дейін ке­ліп-ке­тер күллі адамзатты бой­ын­да­ғы асыл қа­сиет­те­рі­мен таң­ғал­тып, көр­кем де сұ­лу мі­нез-құл­қы­мен тән­ті ет­кен Алла Ел­ші­сін (с.а.у.) тәр­бие­леп, же­тіл­ді­руі мүм­кін бе? Жай қатар­да­ғы бір адам бұл қо­ғам­ның ты­ныс ал­ған зиян­ды ви­ру­сы­нан еш зақым­дан­бай дін-аман, сау-са­ла­мат құ­ты­луы мүм­кін бе? Мұн­дай қа­раң­ғы қо­ғам өзін­де жоқ қасиет­тер­ді бас­қа­ға қа­лай бер­мек? Де­мек, Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға бұл көр­кем де әсем қа­сиет­тер­ді бе­ріп, ар­найы тәр­бие­леп же­тіл­дір­ген Әлем­дер­дің Раб­бы­сы – Алла екендігі еш кү­мән­сіз. Адам ба­ла­сы­на қыс­тың кү­ні мұз бе­тін­де бәй­ше­шек сый­ла­ған Раб­бы­мыз «на­дан­дық дәуір­де» Пай­ғам­ба­ры­мыз­дай нұр­лы тұл­ға же­тіл­ді­ріп, ғалам­ға ра­қым сый­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бір ха­ди­сін­де: «Раб­бым Ме­ні Өзі тәр­биеле­ді жә­не тәр­бие бол­ған­да да ең ке­ре­мет үл­гі­де» – деп осы айт­қа­ны­мыз­ды ай­қын­дай тү­се­ді.

Иә, Оның бой­ын­да­ғы ке­ре­мет мі­нез-құл­қы – Оның Пай­ғам­бар­лы­ғы­ның бел­гі­сі, ны­ша­ны еке­ні еш шү­бә­сіз.

  • Адам ба­ла­сы­ның мі­нез-құл­қы жас ке­зі­нен қа­лып­та­са бас­тай­ды. Ер­же­те ке­ле бой­ына әбден сі­ңіп, отыз жа­стан кейін тұ­рақ­тап адам табиғатына айналады. Ал, қы­рық­тан кейін бой­ын­да­ғы қа­лып­та­сып, тұ­рақ­та­ған мі­нез­ді өз­гер­ту өте қиын. Ен­ді пай­ғам­ба­ры­мыз­дың қы­рық жа­сы­на дейін­гі (пай­ғам­бар­лық жүк­тел­ген шақ) өмі­рі­не көз жү­гір­тіп кө­рейік­ші. Ол (с.а.у.) қы­рық жа­сы­на дейін адам­дар­дың ара­сын­да ең се­нім­ді тұл­ға деп қа­был­дан­ған­дық­тан, Мек­ке хал­қы оны «Му­хам­ма­дун Амин», яғ­ни, «Се­нім­ді Мұхаммед» деп ата­ған. Мек­ке хал­қы­нан кез кел­ген адам са­пар­ға шы­ғар бол­са, қо­лын­да­ғы ең құн­ды зат­ын еш кү­мән­дан­ба­стан Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға ама­нат­тап тап­сы­ра­тын. Пай­ғам­ба­ры­мыз еш­бір ама­нат­қа қия­нат ет­пе­ген. Өйтке­ні оның ді­нін­де ама­нат­қа қия­нат ету, уәде­де тұр­мау жә­не жал­ған сөй­леу – екі­жүз­ді­лік­тің нақ бел­гі­сі. Тіп­ті, Пай­ғам­ба­ры­мыз Мек­ке­ден Мә­ди­на­ға көшу­ге мәж­бүр бол­ған кез­де де қо­лын­да­ғы Мек­ке хал­қы­ның ама­на­тын иеле­рі­не тап­сы­ру үшін ха­зі­ре­ті Әли­ді ор­ны­на қал­дыр­ған. Иә, Ол (с.а.у.) осы­лай­ша өзі­не қар­сы шы­ғып, тіп­ті өл­ті­ру­ді жос­пар­лап, елі­нен, же­рі­нен ке­ту­ге мәж­бүр ет­кен пен­де­лер­дің де ама­нат­та­ры­на қия­нат ет­пе­ген. Не де­ген се­нім­ді­лік, не де­ген ту­ра­лық де­се­ңіз­ші!

Мек­ке хал­қы Оның қы­рық жа­сы­на дейін бір рет бол­сын жал­ған сөй­ле­ге­ні­не куә бол­ма­ған. Әбу Бә­кір Сыддық: «Қы­рық жа­сы­на дейін бір де бір өті­рік сөй­ле­ме­ген адам мі­нез-құ­лық­тың өз­гер­мес­тей то­лық қалып­та­сып, тұ­рақ­та­ған осы жа­сы­нан кейін қа­лай­ша өті­рік айт­сын?», – деп Пай­ғам­ба­ры­мыз­ әкелген жаңа дінге иман келтіріп мұ­сыл­ман бол­ған. Иә, кіш­кен­тай бір мә­се­ле­де, аз ға­на бір қо­ғам­ның ал­дын­да өті­рік айт­па­ған адам қа­лай ға­на бой­ын­да­ғы бе­рік боп, қа­лып­тас­қан қасиетін бір күн­де өз­гер­тіп, дін сияқ­ты үл­кен бір мә­се­ле­де дүйім жұрт­қа, тіп­ті, қия­мет­ке дейін ке­ліп-ке­тер адам­зат­қа ші­мі­рік­пес­тен «Мен пай­ғам­бар­мын» – деп өті­рік айт­сын?!

«На­ғыз шын­дық – дұш­пан­ның да мой­ын­да­ға­ны» де­мек­ші, дін дұш­пан­да­ры да Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) ту­ра­лы­ғын, шын­шыл­ды­ғын ерік­сіз мой­ын­да­ған. Әлі мұсыл­ман бо­ла қой­ма­ған Әбу Су­фиян Оның (с.а.у.) ту­ра­лы­ғын бы­лай баян ете­ді:

Алла Ел­ші­сі көр­ші ел­дің пат­ша­ла­ры­на хат жі­бер­ген бо­ла­тын. Осы хат­тар­дың бі­рі Рим им­пе­ра­то­ры Ге­рак­л­ге ар­нал­ған-ды. Ге­рак­л хат­ты ба­сы­нан аяғы­на дейін оқып шы­ғып, сол кез­дер­де Шам ай­ма­ғын­да жүр­ген ме­ні (Әбу Су­фиян) ша­қыр­тып ал­ды. Со­сын екеу­міз­дің ара­мыз­да мы­нан­дай сұқпат жүр­ді:

– Оған ең көп қо­сы­лып жат­қан кім­дер, бай­лар ма, кедей­лер ме?

– Ке­дей­лер.

– Оған иман ет­кен­дер­дің іші­нен бас тарт­қан­дар бол­ды ма?

– Қа­зір­ге дейін бо­ла қой­ған жоқ.

– Сан­да­ры ар­тып жа­тыр ма, әл­де ке­міп жа­тыр ма?

– Күн сай­ын ар­ту­да.

– Өмі­рін­де жал­ған сөй­ле­ге­нін ес­тіп кө­ріп пе едің­дер?

– Жоқ, Оның жал­ған сөй­ле­ге­нін еш­қа­шан ес­ті­ме­дік.

Хат­тың ға­жай­ып әсе­рі­мен қо­са сол кез­де­гі мұ­сыл­ман­дар­дың қас дұш­па­ны Әбу Су­фиян­ның жо­ға­ры­да­ғы­дай жауап­та­ры­на тап бол­ған Ге­рак­л:

Осы уа­қыт­қа дейін адам­дар­ға жал­ған сөй­леу­ден бой­ын ау­лақ ұс­та­ған жан­ның ен­ді ке­ліп Хақ Тағала­ға жал­ған сөй­леуі әс­те мүм­кін емес, – дей­ді[1].

[1] Ән-ну­рул-ха­ли­ду Му­хам­ма­дун маф­ха­ра­тул-ин­са­ния.

0 пікір