"Патшалықты бұрынғылар пәле деп санайтын, ал сендер оны бақ деп есептейсіңдер!"
"Патшалықты бұрынғылар пәле деп санайтын, ал сендер оны бақ деп есептейсіңдер!"
3 жыл бұрын 4047

Деректерге қарағанда, Халифа Харун Рашид бір күні қажылық құлшылығын орындау мақсатында Меккеге келіпті. Содан қасындағы жолдастарының бірінен насихат тыңдайтын біреуге ертіп апаруын сұрайды. Ол Фудайл ибн Айяз есімді әулие кісіге апарады. Сонымен ол екеуі Фудайлға келгендерінде, екеуін қарсы алған Фудайл, қал-жағдай сұрасып болғаннан кейін, насихат тыңдай келгендерін айтқан Харун Рашидке:

«Уа, мүміндердің әміршісі! Кезінде Омар ибн Абдульазиз (оны Алла рахымына бөлесін) халифалық міндетін мойнына алғанда кілең ізгі-жақсыларды шақырып алып оларға: «Мен мына бір пәлемен сыналдым (яғни, патшалықпен сыналдым). Маған ишара  беріңдер (яғни, насихат беріңдер, ақыл айтыңдар)» - деген еді. Біле-білсеңіз, Омар ибн Абдульазиз халифалықты (патшалықты) «пәле» ретінде көрген. Ал Сіз және жолдастарыңыз болса оны (патшалықты) нығмет деп санайсыздар», - деп айтады. Мұны естіген Харун Рашид көзіне жас алып, жылайды. Қасына еріп келген жолдасы Фудайлға:

- Мүміндердің әміршісіне біраз жұмсақтық еткін - деп оның тура сөзін жақтырмаған сыңай танытады. Сонда Фудайл оған қарап:

- Сен және жолдастарың оны өлтіріп жатқанда, мен жұмсақтық танытайын ба?! – деп, олардың халифаға насихат айтпауларын өлтірумен тең екендігін ұғындырыпты. Мұны естіп тұрған Харун Рашид:

«Тағыда айтшы, айта түс. Алла сені рахымына алсын!» - деген екен.

Рахимаһуллаһ!

islam.kz

 

0 пікір