Пайғамбарға серт беру
Пайғамбарға серт беру
9 жыл бұрын 3999

Ибн Ысхақ айтады: «Ансарлар Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) серт беруге жиналғанда, Салимұлдарынан Аббас ибн Убада ибн Надла: «Ей, Хазраж жамағаты! Бұл кісіге қандай мәселелер бойынша серт беретіндіктеріңді білесіңдер ме?» – деп сұрады. «Иә», – деді олар. Аббас сөзін былай жалғастырды: «Сендер имансыздармен айқасуға оған серт бересіңдер. Соғыстың зобалаңынан мал-мүліктерің талан-таражға түсіп, қадірлі адамдарың өлтірілгенде, оны жаудың қолына ұстап бермейсіңдер ме? Егер дүние мен ақыретте масқара болмайық десеңдер, әлі де кеш емес, бұл істен осы бастан бас тартыңдар. Жоқ, осылардың барлығына көніп, айтқанын шын ықыласпен орындасаңдар ғана оны қамқорлықтарыңа алыңдар. Пайғамбарға сүйеніш болу – дүние мен ақыреттегі игілігі мол ең қайырлы іс».

Ансарлар: «Мал-мүлкіміз таланып, адам шығыны орын алса да, өз қамқорлығымызға алып, оны құшақ жая қарсы аламыз», – деп жауап бергеннен кейін: «Уа, Расулалла, уәдемізде тұрсақ, бізге не беріледі?» – деп сұрады. Алла расулы: «Жұмақ», – деп жауап берді. Олар: «Олай болса, қолыңды бер», – деп оған серт берді[1].

[1] Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/162

0 пікір