Рамазан - айлардың сұлтаны!
Рамазан - айлардың сұлтаны!
9 жыл бұрын 5367
Ерлан Садуақасұлы

Рамазан айлардың Сұлтаны!

Жоқ ешбір уақыттың теңдесі!!!

Жүректер табады Нұр бағын,

Сабырға шақырар пендесін!!!

 

Тәңірге тәубе қып бар мүмін!

Ықылас ниетін танытпақ

Тәубешіл құлдардың барлығын

Қолдайды Жаратқан жарылқап!

 

Жүректе имани болса Нұр

Мінәжәт етер ед барша құл!

Сауабын ерекше жиғандар,

Саялар панасын аршаның!

 

Рамазан Патшасы айлардың!

Шынайы маңызын ойлар кім?

Отыз күн ораза тұтып шын,

Шынайы мүмінге айналғын!!!

 

Алтын да қадірсіз қолда бар

Кез осы сауапты олжалар

Адамзат парызын өтесе,

Ақиқи Жәннатқа жол табар!!!

0 пікір