Оразаның пайдалары: Ора­за са­быр­лы­лық пен тө­зім­ді­лік­ке үйре­те­ді
Оразаның пайдалары: Ора­за са­быр­лы­лық пен тө­зім­ді­лік­ке үйре­те­ді
9 жыл бұрын 4337

Адам ба­ла­сы өмір­ге жы­лап ке­ліп, жы­лап ке­те­ді. Не­ге? Өйтке­ні, өт­кін­ші фә­ни­де діт­те­ген мақ­са­ты­на қо­лы же­те бер­мейді. Кейде жыл­дар бойы өз мақ­са­ты­на қа­рай қа­дам ба­са­ды да, ор­та жол­да бол­ды­рып, кү­де­рін үзе­ді. Кейде шы­да­мы таусы­лып, қо­лын бір-ақ сіл­тейді. Мі­не, ора­за жүй­рік пойыз­дай жүйткі­ген ғұ­мыр­да ас­қақ ар­ма­ны­на асық­қан адам­ның иығы­на са­быр­дан са­дақ аса­ды. Ай бойы аш қа­лып, күн­діз ау­зын аш­пауға бе­кі­ніп, әб­ден дағ­ды­лан­ған адам­ның бойын­да са­быр­лы­лық пен шы­дам­ды­лық се­зі­мі кү­шейіп, өр­кен жаяды. Аш­тық пен құ­мар­лық се­зім­ге са­быр қыл­ған, өз­ге­ге де са­быр ете ала­ды. Бойда­ғы ашу мен же­ңіл­ді­гі­не са­быр-тіз­гі­нін са­лып, жа­на­рын­да ойлы­лық пайда бо­ла бас­тайды. Бұл ғұ­мыр­да на­ғыз са­быр – өз нәп­сі­сін же­ңе бі­ліп, Алла Та­ға­ла­ның ақ жо­лын­да жү­ру­ге бел байлау. Ақы­рет әле­мін­де­гі ас­қақ шың­нан көз айыр­мау. Ора­за­ға тө­зе біл­ген өз­ге ғи­ба­дат­тар­ға да шы­дам­ды­лық та­ны­та ала­ды. Са­быр­лы­лық кү­ші­не ие бол­ған жан ға­на, діт­те­ген мақ­са­ты­на же­те ала­ды. Құ­ран­да жет­піс­ке жуық аят­та са­быр ма­дақ­тал­ған. Мы­са­лы: «Алла са­быр ет­кен­дер­мен бір­ге», – дейді. «Асыр» сү­ре­сін­де де Алла Та­ға­ла: «За­ман­ға ант етейін. Шы­нын­да адам ба­ла­сы сөз­сіз қа­сі­рет­те. Бі­рақ иман етіп, із­гі іс іс­те­ген­дер, бір-бі­рі­не ақи­қат­ты ай­қын­дап, са­быр­лық­ты на­си­хат­та­ған­дар он­дай күйге ду­шар бол­майды», – деп баян ете­ді.

За­ма­ны­ның үл­кен ойшы­лы Имам Ға­за­ли ора­за­ның үш тү­рі бар екен­ді­гін айта­ды:

Жал­пы­ға тән ора­за. Яғ­ни, ішіп-жеу­ден, жы­ныс­тық қа­ты­нас­тан ау­лақ тұ­ру.

Алла Та­ға­ла­ның ел­ден ерек құл­да­ры­на тән ора­за. Бұл – көз бен құ­ла­ғын, аяқ-қо­лы мен өз­ге де мү­ше­ле­рін кү­нә­дан сақ­тауы.

Алла Та­ға­ла­ға жа­қын адам­дар­дың ора­за­сы. Жү­ре­гі мен ой-са­на әле­мі Алла Та­ға­ла­дан өз­ге нәр­се­ден пәк болуы. Осы­лай ора­за ұс­та­ған­ға Алла пен ақы­рет­тен өз­ге ой кел­се, ора­за­сы бұ­зы­ла­ды. Бі­рақ дін­нің байра­ғын жел­бі­ре­тіп, көк­ке қа­дау үшін дү­ниені ойла­са бо­ла­ды. Бұл – то­лық адам­ның бейне­сі.

0 пікір