Жүсіп Баласағунидің ел басқарып жүргендерге айтқан өсиеті
Жүсіп Баласағунидің ел басқарып жүргендерге айтқан өсиеті
4 жыл бұрын 4774

Жүсіп Хас Хажиб Баласағуни, ХІ ғасырда Қарахан мемлекетінің билеушісіне ұсынған «Құтудғу Білік» атты туындысында ел басқарып жүргендерге мынадай өсиеттер айтады:

«Уа, билеуші! Сен қазіргі таңда дәрігерге ұқсайсың. Ал халқың саған мұқтаж болып тұрған сырқат. Халқыңның ішінен бәз біреулер қиыншылыққа тап болған бақытсыз жандар. Ал кейбіреулер пақырлықтың зардабын тартып жүр. Бағзылары аш. Бағзылары жалаңаш. Ал біреулер тіпті қайғының жетегінде жүр. Осылардың дауасы сенің қолыңда! Сен олардың дәрігері бол! Дәрі бер! Емде! Егер сен бұларды емдемесең, халықтың обалы сенің мойныңда қалады!».

«Мемлекетті ұстап тұрар нәрсе мұқияттылық пен сақтық.  Дүние қалайтын болсаң, оған осы екеуі арқылы жетесің».

«Бойың ашкөздік жайлаған жандарға қызмет берме! Олардың мемлекеттің жүйесін бұзатындығынан шүбәң болмасын».

«Өз пайдаңды ойлама! Халықтың пайдасын ойла! Сенің пайдаң, сол, халықтың пайдасының ішінде болады. Мұны ұмытпағайсың!».

«Патша, халық үшін үлкен бақыт көзі. Халық бақытты болуы тиіс. Бақытты болуы үшін халықтың қарны тою керек».

«Халықтың тыныштығы мен рақатын қамтамасыз ететін жүйе құр! Халықтың ақ батасын аласың».

«Байлардың жүгін орташа жағдайдағы жандарға жүктеме! Бұлай әрекет етпесең халі (жағдайы) орташа жандардың түбіне жетесің. Сонымен қатар халі орташа жандардың жүгін пақырларға жүктеме! Пақырлардың қырып жібересің. Пақырлардың халі жақсарып, жағдайы орташа жандарға жетіп жатса, жағдайы орташа жандар бай болады. Ал, жағдайы орташа жандар байып жатса, мемлекет бай болады».

«Уәзірлік пен қолбасшылық қызметтері аса маңызды. Өйткені бұлардың бірі қылыш, ал екіншісі қалам ұстайды. Мемлекетті жеңіп алушы – қылышпен алды. Мемлекетті сақтап қалушы болса, қалам арқылы сақтап қалады. Кез келген мемлекетті жаулап алу оңай. Алайда қалам болмаса, қолда ұстау қиын».

«Қолбасшы мақтаншақ (тәкәппар) біреу болса, міндетті түрде дұшпаннан таяқ жейді. Мақтаншақ адам енжарлық көрсетеді. Ал енжар адам бұзылып кетеді. Яки, күтпеген жерден өліп кетеді».

«Уа, мемлекеттің билеушісі! Сен сарай салдыруға әуестенбе! Қара топырақтың астында жатар жерің дайын. Көкпен таласқан сарайларың осы дүниеде қалып қояды. Ал сен қараңғы көрге кіресің!».

«Уа, мемлекеттің билеушісі! Сен сарай салдыруға әуестенбе! Қара топырақтың астында жатар жерің дайын. Көкпен таласқан сарайларың осы дүниеде қалып қояды. Ал сен қараңғы көрге кіресің!».

«Уа, билеуші! Өзіңді алдап, қазіргі рақатыңа сенбе! Өйткені мұндай хал, сені ғапылдыққа итермелейді. Қымбат маталарға оранған денең, ертеңгі күні қара топыраққа оранады. Ойнақтаған сәйгүлігіңнен түсіп, бейшара күйге еніп, ер-тоқымсыз ағашқа мінесің!».

«Өркениет шыңындағы жауһарлар».

0 пікір