Қазақтың әр қонаққа әртүрлі табақ тартуының сыры неде?
Қазақтың әр қонаққа әртүрлі табақ тартуының сыры неде?
6 жыл бұрын 5931
Айып НҮСІПОҚАСҰЛЫ

Меймандос, қонақшыл қазақ халқы «асың барда ел таны – беріп жүріп», «қуыс үйден құр шықпа» деп, арнаулы шақырған сыйлы қонақтары түгіл, үйіне бас сұққан кез келген адамды азық тан ды рып, сусындатып, үйінен дəм-тұз татқызып шығаруды аса игілікті, қуанышты іс санаған, əрі оны адамгершілік парыз деп білген. Алайда, халқымыздың үйге кірген адамға тамақ ауыз тигізіп, үйге енген жыланға ақ тамызып шығаруына дейін белгілі жөн-жосығы болғаны сияқты, келген қонақтарға ас-табақ тартуының да өзіндік үлгі, ерекше ережелері бар. Яғни, адамдардың жасы, жолы, ел ішіндегі беделі, атақ-абыройы, өнер-білім деңгейі, қонақ болып барған үйімен туыстық қарым-қатынасы, құда-жегжаттық байланысы қатарлыларды таразылай отырып, ас-табақ тартуды төмендегідей бірнеше түрге жіктейді.

Бас табақ

Бас табақ əдетте, құда-құдағилар мен ел-жұртқа беделді, бі лім ді, өнерлі кісілерге, сондай-ақ, малға бата жасаған ақсақалдарға, достарға, қимас жолдастарға тартылады. Бас табаққа ұсақ мал сойылса, бас пен жамбас, бір кəрі жілік, екі тал сүбе қабырға, екі тал белдеме, екі тал омыртқа, ұлтабар жəне бір сирақ сияқтылар салынады. Ал, ірі қара сойылса, бас (жарты шеке) пен жамбас (жамбастың жартысы) жəне жылқыдан қос қазы, сиырдан майлы қабырға (тасты) сияқтыларды салып жасайды.

Сый табақ

Сый табаққа (орта табақ деп те аталады) ұсақ малдан жамбас, кəрі жілік немесе асықты жілік, екі тал белдеме, екі тал арқа, екі тал қабырға сияқтылар салынып жасалады. Сый табақ көбінше, əйел дер жəне құдаларға еріп келген құдағилар мен құдашаларға тартылады.

Күйеу табақ

Арнаулы төс салынып жасалып, күйеу жігіттерге тартылатын табақ ты «күйеу табақ» деп атайды. «Күйеу табақ» қыз алатын жəне сол ауылдан қыз алған күйеулерге тартылатын ең жоғары сый-құрмет таба ғы есептеледі. «Күйеу табаққа» əдетте, төс, асықты жілік, белдеме немесе омыртқа қатарлылар салынып жасалады.

Келін табақ

«Келін табақ» – күйеу табақ секілді келіндерге арналған ең жоғары сый-құрмет табағы. Сондықтан оған да төс, асықты жілік, белдеме немесе арқа, қабырға, ұлтабар қатарлылар салып жасалады.

Қыз табақ

Бұл қыздарға арналған ең жоғары сый-құрмет табағы. Оған əдетте, бастың жақ сүйегі мен тіл, жүрек пен бүйрек сияқты қыздар сүйіп жейтін мүшелер салынып жасалады.

Қос табақ

Қазақ халқының сый-құрмет салты бойынша, «қос табақты» ерекше сыйлы адамдар мен жолы, жасы үлкен, ел-жұртқа қадірлі кі сілер ге, сондай-ақ, ақсарбас қой сойысып, «құдай» деп құда болған құда ғи лар ға тартылады. Бұл «бас табақ» пен «сый табаққа» қосып тартылатын жанама табақ болғандықтан, оны «қос табақ» деп атайды. «Қос табаққа» əдетте кəделі сүйек салмайды. Тек, еттің жылы-жұмсағы мен қазы-қарта, жал-жая, тасты (сиырдың майлы қабырғасы) сияқтылар ғана салынып жасалады.

Сыбаға табақ

«Еске алған – ескі асынан сақтайды» деген халық даналығын ұрпақтар бойы жалғастырып келген қазақ халқы, қысқы соғым ке зінде үйлеріне келіп дəм тата алмаған ауыл ақсақалдары мен ел-жұрт қа қадірлі, сыйлы кісілеріне, сондай-ақ, жанкүйер жақындары мен құда-құдағиларына: «Мынау пəлен атамның, мынау түген құда-құдағидың сыбағасы» деп, арнаулы сақталатын жамбас, қазы-қарта, жал-жая секілді кəделі ас. Оны сақтап отырып, сол кісілер келгенде өздеріне: «Мынау сіздің сыбағаңыз» деп асып береді немесе келіндер мен қыздары апарып береді. Əдетте, «сыбаға табаққа» сүрленген жамбас, белдеме, қазы-қарта, жал-жая секілді кəделі астар салынады.

Ошақ табақ

«Сыйға-сый қайырмау – сараңдықтың белгісі» деп қарайтын қа зақ халқы, өздеріне қол ұшын беріп көмектескен, той-томалақ, өлім-жітім істерінде тік тұрып қызмет көрсеткен адамдарды да елеусіз қалдырмай, оларды да төрлеріне отырғызып, төредей күтіп отырған. Сол той-томалақ, нəзір-құзыр əзірлігі үшін ошақ жасап, отын түсіріп, үй тіккендерге арнаулы мал сойып тартылатын күтім табағын «ошақ табақ» деп атаған. «Ошақ табаққа» малға бата жасаған үлкендеріне бас пен жамбас, белдеме, кəрі жілік, сүбе қабырға, ұлтабар қатарлылар салынып жасалады да, қалған табақтарға қолғабыс тигізіп жүр ген дер дің жасы, жолына қарай, лайықты кəделі сүйектер салынып жасалады.

Ерулік табақ

«Ерулік табақ» – отырықты елдің жанына жаңа көшіп келіп, көрші қонған адамдардың құрметіне мал сойып бас пен жамбас тартатын немесе барымен базарлап, қолда бар тəтті-дəмдісін жаңа көршісіне апарып беретін сый-құрмет табағы. «Ерулік табаққа» əдетте мал сойса, бас пен жамбас, мал соймаса кəделі сүйектер мен тəтті-дəмді, жылы-жұмсағы салынып жасалады.

Сарқыт табақ

«Сарқыт табақ» – тойға, ас-нəзірге, қонаққа белгілі себептермен келе алмай қалған адамдарға, той мен ас иелерінің «тойдың, астың сарқыты» деп беріп жіберетін немесе сақтап қойып, сол кісілер келгенде «сыбағаңыз» деп өздеріне асып беретін кəделі сүйектер салынған табақ. «Сарқыт табаққа» əдетте, құда-құдағилар мен ел-жұртқа қадірлі ақ са қал дар үшін жамбас, ал, қалған адамдарға жолы, жасы, беделіне қарай жілік, белдеме, қазы-қарта сияқтылар салынып жасалады. Қазақ халқының ас-табақ тарту салты адамдарды үлкенді сыйлап, кішіні аялаудай тамаша салт қалыптастыруға дағдыландырады. Қазақ халқы қонақ болған жерлерінде өздеріне тартылған ас-табаққа қарап, өзінің қалай күтіліп жатқанын, қай дəрежедегі қонақ болып отырғанын мөлшерлейді, яғни, қазақтың, əрбір адамға берген ас-табағын да адамгершілік өлшемі мен əр адамның қадір-қасиеті жəне дəрежесі көрсетіледі. Сондықтан қазақ халқы адамдарға ас-табақ тартуға ерекше жауапкерлікпен қарайды. Болмаса, адамдық ар соты алдында жазаланады. Себебі, егер қонақ болған жерінде қадірменді ақсақалдар мен құда-құдағилар, сондай-ақ, жұрт сыйлаған қадірлі адамдарға өзіне лайық сыбағасын бермей, əдеттегі қонақ ретінде қараса, онда,  сол отбасынан немесе сол ауылдан ат-шапан айып алады. Қазақ салт-дəстүрінің жөні солай, ол құдды заң іспетті рөл атқарады. Се бе бі, қазақтың бұл салтында да үлкен ғылыми жəне адамгершілік мəн бар. Ол адамдар арасындағы бауырмалдықты, ізгілікті, барыс-келіс, алыс-берісті тереңдетеді. Көңілді, тыныш, орнықты орта жаратады. Адамдардың өрісін кеңейтіп, əлеуметтік қарым-қатынасын нығайтады.

0 пікір