"Құрбанға сойған малымның етін түгел өзімде қалдырсам бола ма?"
"Құрбанға сойған малымның етін түгел өзімде қалдырсам бола ма?"
10 ай бұрын 11538

Ассаламу алейкум! Құрбандыққа деп ниет етіп сойған малдың етін толығымен өз үйіме алуға және сол малдың етімен ас беруге бола ма?

Әлхамдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! 

Кедей кісі құрбан шалса, шалған құрбанының етін түгел бала-шағасына қалдыруына болады, үшке бөлуі шарт емес. Өйткені, етке өзі және отбасысы мұқтажырақ. Ал бақуатты және жағдайы жақсы мұсылмандар шалған құрбандарының еттерін үшке бөліп, бір бөлігін мұқтаж отбасыға беріп, бір бөлігін өздерінде қалдырып, тағы бір бөлігіне көрші-қолаңға ас бергендері ұнамды саналған, тіпті еттің бәрін тұрмысы төмен отбасыға беріп жіберемін десе де өз еріктері. Осы тұрғыда, ағайын-туыстардың арасында етке мұқтаж жақындары болса, алдымен соларға бергеннің сауабы көбірек. Имам Кәсәни (рахимаһуллаһ) өзінің еңбегінде былай деген: "Құрбанның етін түгел садақа етіп берсе де, не, бәрін өзінде қалдырса да болады. Өйткені, мұндағы негізгі құлшылық - қан ағызу еді (құрбан шалу еді, ол жүзеге асты)... Әйтсе де, ас беріп, етінен садақа бергені абзал. Алайда, тұрмысы төмен отбасылы кісінің сойған құрбанының етін (өзгеге бермей) отбасында қалдырғаны абзалырақ(1)".


1 Имам Кәсәни (рахимаһуллаһ): «Бәдәиъ ас-Санаиъу»,

Абдусамат Қасым