Кедей кісі құрбан шалам деп бір мал сатып алса, оның етін өзі жеуіне бола ма? Әлде таратып беруі тиіс пе?
Кедей кісі құрбан шалам деп бір мал сатып алса, оның етін өзі жеуіне бола ма? Әлде таратып беруі тиіс пе?
10 ай бұрын 10139

Кедей кісі құрбан шалам деп бір мал сатып алса, оның етін өзі жеуіне бола ма? Әлде таратып беруі тиіс пе?

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ!

Кедей кісі "Құрбан айтта шаламын" деген ниетпен бір мал сатып алса, оған ол малды Құрбан айт күндері шалуы уәжіп (міндет) болады1. Алайда, оның етінен өзі және отбасысы жей беруіне болады, етінің бәрін өзге мұқтаж жандарға таратып беруі бұл жағдайда шарт емес. Осы сұраққа ескілікті Ханафи ғалымдары екі түрлі жауап берген. Бірақ, "Фәтәуә Тәтәрхания" кітабында келтірілген мәліметке қарағанда Қазы Бәдиъуддин есімді ғалымнан "Кедей кісі құрбанға бір қой сатып алса, оның етінен өзі де жеуіне бола ма?" деп сұрайды, сонда ғалым: "Иә" деп жауап береді2.


1Кедей кісінің құрбан шалу ниетімен сатып алған малы "нәзір" үкімінде бола ма? - деген де сауалға кей Ханафи ғалымдары "нәзір" болады десе де, Имам Сарахси (р.а.) сынды белді Ханафи ғалымдары ниетін ауызша айтса ғана "нәзір" үкімінде болады, ал ауызша айтпай, іштей құрбан шалу ниетімен сатып алуы нәзір үкімінде болмайды деген тұжырымдама білдірген. «әл-Бахрур Раиқ». Нәзір дегеніміз, мұсылман кісінің өзіне міндеттелмеген әлдебір құлшылық түрін сөз жүзінде айтып, өзіне міндеттеуі, оны орындауға Аллаға уәде беруі (ойша айтылған саналмайды).  Ереже бойынша, нәзір құрбанның етін иесі жеуіне болмайды, түгел етін мұқтаж жанға таратып беруі тиіс.
2Ибн Ғабидин, «Раддуль Мұхтәр», Китабуль удхия

 

.

Абдусамат Қасым