Әссәләму алейкум! Бір танысымның анасы өткен жылы дүниеден өткен еді. Енді біреуден естіген «қаза болған үйден үш жыл құрбан шалуға болмайды» дегенді сұрап берші деп өтінген еді. Бұған не дейсіздер?
|
«Мәйіт шыққан үйде 3 жыл құрбан шалынбайды» деген сөз қаншалықты рас?
|
Бисмилләһир рахманир рахим, уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Мәйіт шыққан үйде үш жыл қатарынан құрбан шалмасын деген сөздің негізі жоқ. Мәйіт жер қойнауына тапсырылғаннан кейін сол жылы-ақ, мәйіттің атынан құрбан шалып, сауабын мархұмға бағыштай алады.
Мәйіт шыққан үйдің иесі қалталы мұсылмандардың қатарынан саналса, оған құрбан шалу міндет болмақ. Кедей санатындағы мұсылманға құрбан шалу міндет емес, ерікті амал – сауап үшін салам десе өз еркі, шалмаса да күнәсі жоқ.
Өзекті сұрақтар
■
«Мәйіт шыққан үйде 3 жыл құрбан шалынбайды» деген сөз қаншалықты рас?
■
Құрбандыққа шалынатын ірі қара мал қанша жаста болуы керек?
■
Ваннаға «су толтырып» ғұсылданса, ғұсыл санала ма?
■
Үзір иесі намаз оқып жатқанда уақыт шығып кетсе, не істейді?
■
Контробандалық жолмен тауар алып келіп сатудың Исламда үкімі қалай?