Ассаламуғалейкум! Құланның етін жеуге бола ма, жабайы далада жүретін?
|
Құлан - еті адал хайуан ба?
|
Уағалейкумуссәләм!
Құлан – еті адал хайуан деуге негіз бар. Оның ғылыми атауы «Жабайы азиялық есек» (Asiatic wild ass). Исламда үй есегінің еті арам, ал жабайы есек түріндегі хайуанның еті адал. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің хадистерінде "үй есегінің етін харам қылған, ал жабайы есектің етін адал қылды» делінген. Тіпті «жабайы есек» санатындағы хайуанның етінен өзі де жегендігі сахих хадистерде айтылады1. (Жабайы есекке зебраны да жатқызамыз). Десе де, Құлан жануары бүгінде қызыл кітапқа енген хайуандар қатарында. Сондықтан да, оны аулауға, өлтіруге немесе зиян тигізуге заңмен қатаң тыйым салынады.
1Имам Бұхари: «Сахих Бұхари».
Өзекті сұрақтар
■
Құлан - еті адал хайуан ба?
■
Қалада пәтер жалдап тұрамын. Мен ауылға барғанда жолаушы үкімінде боламын ба?
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?