«Намаз мені тастап кетті» деген сөздің негізі бар ма? Намаз адамды тастай ма?
«Намаз мені тастап кетті» деген сөздің негізі бар ма? Намаз адамды тастай ма?
1 сағат бұрын 151

Әссәләмуғалейкум! «Намаз мені тастап кетті» деген сөз қаншалықты рас?

Уағалейкумуссәләм!

Құрметті сауал жолдаушы!

«Намаз мені тастап кетті» деген сөз – тәмсіл түрінде, яғни образды мағынада айтылған сөз. Негізінде, намаз адамды тастамайды, адам намазды тастайды. Хадистерде де «тәркус-салаһ» – «намазды тәрк ету» деген тіркес қолданылады. Жалпы дінде «намаз тастап кетеді» деген наным жоқ.

Сондықтан «намаз оны тастап кетті» деген сөзді образды түрде айтылған тәмсіл ретінде қабылдаған жөн. Мұндай сөз кісіні намаздан қашуға немесе одан күдер үзуге алып келмеуі тиіс.

Намаз адамды тастамайды. Керісінше, намаз адамның қайта оралуын өмірінің соңына дейін күтеді. Бұл – «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» демекші, әлдебір себептермен намаз оқуды қойып кеткен мұсылман намазын қайта бастауы тиіс деген сөз. «Намазым мені тастап кетті» деп, намаздан күдер үзбеуі керек.

Абдусамат Қасым