Толғақ басталған сәтте намазды не істеймін?
Толғақ басталған сәтте намазды не істеймін?
3 жыл бұрын 7072

Сәлеметсіз бе! Мен босану үшін ауруханаға жататын әйел едім. Есімім Салтанат. Менің толғағым басталған кезде намазым қалай болмақ? Түсіндіріп айтасыз ба? Рахмет.

Сәлеметсіз бе!

Босанар сәті жақындап, қатты толғағы келген әйелдің уақыты кірген намазды оқымай, қазаға қалдыруына болады. Алдағы күндері қазасын өтеп аласыз. Ондай үзір жағдайларда намазды қаза етуге рұқсат[1]. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) «Хандақ» соғысында төрт намазын мәжбүрліктен қаза еткен болатын[2].

Алла жеңілдігін берсін!


[1] Имам Шүрунбүләли: «Имдад», 383 бет.
[2] Имам Тирмизи: «Сүнән», (179); ән-Нәсәи, №661.

Абдусамат Қасым