Сүрелерді кириллицамен жаттаған едім, намаздарым санала ма?
Сүрелерді кириллицамен жаттаған едім, намаздарым санала ма?
4 ай бұрын 1839

Сүре, аяттарды кириллицамен жаттағанмын, намазды солай оқимын, қаншалықты намазым дұрыс?

Бисмилләһир рахманир рахим.

Құрметті сауал жолдаушы, сүрелерді кириллицамен жаттап, солай оқыған намаздарыңыз саналады. Бастысы намазда оқитын сүре мен дұғаларыңызды жиі қайталап тұрыңыз. Кириллицамен болса да дұрыс жаттау керек. Мысалы, «т» әріпінің орнына, «қ» әріпін оқып тұрсаңыз болмайды. Сол себепті, екі сүре білсеңіз де, оны жиі қайталап, сүренің аудио оқылуын естіп, дұрыстап тұрғаныңыз жөн. Және де «кириллицамен» сүре жаттаған кісі «Умми» үкімінде болады деген ойдамыз. Олай болған жағдайда, Құранды жақсы оқитын кісіге имамдық жасай алмайсыз. Өзіңіз секілді кириллицамен жаттаған кісіге намазда имамдыққа өтуге болады.

Осы тұрғыда, айта кету керек: мұсылман адам ең кемі Құранды араб тілінде оқи алатындай деңгейде болуы тиіс. Сондықтан да, уақыт тауып, мешіттегі Құран курстарына жазылып, арабша Құран оқуды үйренуге талпынған жақсы.

Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

Абдусамат Қасым