Жебірейіл періште уахиді қайдан түсірді?
Жебірейіл періште уахиді қайдан түсірді?
4 ай бұрын 1590

Әссәләмуалайкум! Жәбірейіл (ғ.с.) Қасиетті Құран аяттарын тікелей Алла Тағаладан алды ма, әлде сақталған тақтадан "лаухулмафуздан" алды ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Қасиетті Құран аяттары мен сүрелерінің ардақты Пайғамбарымызға (с.а.у.) жиырма үш жыл ішінде түсіп отырғандығы шындық және оны Жебірейіл періште (ғ.с) Алланың бұйрығымен Пайғамбарға бөлім-бөлім, аят-аят жеткізіп отырды. 

Одан бұрын, Алла Тағала Құранды түгел ең әууелі «Лаухуль махфуздан» алып, дүние аспанындағы «бәйтуль-ъиззә»ға (қадірлі үй) бірдестен бәрін түгел түсірді. Одан соң, сол жерден (Бәйтуль-ъиззәдан) Жебірейіл періште (ғ.с.) Алланың бұйыруымен, қажет кезде және қажетті аяттар мен сүрелерді бөлім-бөлім жиырма үш жылда жеткізіп отырды. Бұған қатысты сахаба Абдулла ибн Аббастың былай дегені хадис кітаптарында келтірілген:

«Құран - Рамазан айының «қадір» түнінде дүние аспанына түгел түсірілді. Одан кейін, бөлек-бөлек (Мұхаммед пайғамбарға) түсіп отырды».

Тағы бір сөзінде ардақты сахаба былай деген:

«Құран түгелдей бір-ақ түсіріліп, аспан денесіндегі «бәйтуль-ъиззә»ға қойылды. Сосын, пенделердің сөздері мен амалдарына қарай Жебірейіл періште Мұхаммед пайғамбарға түсіріп отырды»1.


 1  Имам Суюти: «әл-Итқан фи ъулумиль» Құран. 

Абдусамат Қасым