Әссәләмуғалейкум! Бір бауырымыз сәлем бергеннен кейін үш рет «астағфирулла» деп айту хадисте жоқ дейді. Мен сұрап көрейін дедім. Нұрлыбек.
|
Сәлем бергеннен кейін үш рет «астағфируллаһ» деп айту сүннетте бар ма?
|
Уағалейкум әссәләм, Нұрлыбек! Намазда сәлем бергеннен кейін үш рет «астағфируллаһ» деп айту - Пайғамбарымыздың сүннеті. Сахих Муслимде келтірілген хадисте Сәубән есімді сахаба былай дейді:
«Алла елшісі намазын аяқтағаннан соң үш рет «истиғфар» айтатын да (артынан): «Аллаһуммә әнтәс сәләму уә минкәс сәләму тәбәрактә иә зәл жәләли уәл икрам» дейтін».
Осы хадисті жеткізушілер тізіміндегі әл-Уәлид есімді кісі: «Мен Әузәъиден Истиғфар қалай айтылады?» - деп сұрағанымда Ол: «Астағфируллаһ, астағфируллаһ дейсің» деді[1]" - деп айтылуын қысқаша түсіндіріп өткен.
[1] Сахих Муслим: Китабуль Мәсәжид уә Мәуадиъис сала». №936 хадис.
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?