Сағызды аузынан шығармай, аузында ұстап намаз оқыса, намазы санала ма?
Сағызды аузынан шығармай, аузында ұстап намаз оқыса, намазы санала ма?
2 жыл бұрын 4177

Ассаләмуғалейкум! Егер аузындағы сағызды шығармай, аузында ұстап, намаз оқыса, шайнамаса, намазы дұрыс па? Ермек.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ауыздағы сағызды шығармай намаз оқыған болса, қараймыз:

1) Егер, тәттілігі кетпеген жаңа сағыз болса, онда намазы бұзылады. Өйткені, ол да тамақ іспетті. Бұған ұқсас бір мәселеде Ханафи ғалымдары: «Егер аузында қант болса, намазы саналмайды, өйткені ол да тамақ жеумен тең» - деген[1].

2) Ал, егер тәттілігі мүлде қалмаған ескі сағыз болса, онда оны шайнамай, жай ғана ұртында ұстап тұрып, намаз оқыса намазы бұзылмайды, өйткені ол жағдайда оның кәдімгі резінкеден айырмашылығы болмайды, бірақ мәкруһ болады. Алайда ол сағызды шайнаса, намазы бұзылады. Бұған байланысты Ханафи кітаптарында: «Намазда тұрып сағыз шайнаса, намазы бұзылады» - делінген[2].

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Имам Кәсәни: «Бәдәиъус Санаиъу», 2/147 бет; Имам Сарахси: «әл-Мәбсут».
[2] Имам Кәсәни: «Бәдәиъус Санаиъу», 2/147 бет;

Абдусамат Қасым