Өлі туған балаға жаназа оқыла ма?
Өлі туған балаға жаназа оқыла ма?
8 жыл бұрын 16547

Ханафи мәзхабы бойынша, іштен шыққан шақалақ тірі туылып, артынша шетінесе, оған ат қойылады да, жуылып, кебінделіп, жаназа намазы оқылады.  Ал бала өлі туса, оны жумай[1], ақ матаға орап, көму керек. Бұған жаназа намазы оқылмайды[2]. Бұл жайында ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Шақалақ туғанда дауыс шығарып, (артынша шетінеп кетсе), ол жуылып, жаназа намазы оқылады, мұрагер ретінде есептеледі. Ал егер дауыс шығармаса (яғни, өлі туса), жуылмайды оған намаз оқылмайды, мұрагер саналмайды.[3]», – деген.


[1] Әл Кәсәни – 2/312
[2] а) Марғинани, Хидая – 1/148 бет. Бабуль жанаиз.;ә) Маусули, Ихтияр – 1/316 бет
[3] Тирмизи -3503.

Абдусамат Қасым