Намазда «Я, Раббым, кешір» деп айтып қойсам, намаз бұзыла ма?
Намазда «Я, Раббым, кешір» деп айтып қойсам, намаз бұзыла ма?
8 жыл бұрын 16362

Әссәләмуғалейкум! Намазда жаман ой келіп калып: «Я,Раббым кешір» деп, байкамай айтып калдым. Әділжан.

Уағалейкум әссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Намаз оқып тұрғанда қазақша айтқан дұғамыз мазмұны жағынан Құранда айтылған дұғаларға ұқсас болып келсе, оның намазға зияны жоқ. Бұған қатысты ғалымдарымыз: "тек Алладан ғана сұралуы мүмкін нәрселерді сұрау Намазды бұзбайды" деген. 

Оның үстіне, сахаба Хузайфадан жеткен хадисте: «Алла елшісі екі сәжде арасында: «Раббиғфирли, Раббиғфирли» деп айтатын еді...», - делінеді. (Бәйһақи). Оның мағынасы: "Раббым, кешіре гөр". 

Осыған орай, «Я, Раббым, кешір» деп айтып қойған болсаңыз, Құран және хадистерде айтылған дұғалармен мазмұндас болғандықтан, оқыған намазыңыз дұрыс.

Абдусамат Қасым