Әссаламу әләйкум! Имамдыққа шыққан адам талып құлап қалса, ұюшы қандай әрекет жасайды? Дастан Молдағалиев.
|
Намазда имам талып қалса, ұюшы не істейді?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Намазда имамдыққа шыққан кісі талып қалса немесе есі ауысып жынданса, намаз бұзылады. Ондай кезде, Ханафи мәзхабы бойынша намаз қайта оқылу керек. Арттағы ұюшы жамағаттан біреу имамдыққа шығып намазды жалғастырмайды[1].
Кейбір мәзхабтарда имам талып қалған жағдайда жамағат жеке-жеке намаздарын өз беттерінше тәмамдайды немесе араларынан біреу имамдыққа шығып, келген жерден жалғастырып оқиды делінген.
[1] Имам Кәсәни: «Бәдәиъус Санаиъ» - 2/ 95.105 беттер.
Өзекті сұрақтар
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?