Сабақтан бес алу үшін қандай дұға оқыса болады?
Сабақтан бес алу үшін қандай дұға оқыса болады?
4 жыл бұрын 67302

Сабақтан бес алғым келсе, қандай дұға оқысам болады? Ақмарал.

Құрметті сауал жолдаушы, үй тапсырмасын орындауға отырғанда қолды жайып мына екі дұғаны оқыңыз: 

1. Рабби зидни илмән. (Раббым, ілімімді арттыра гөр). 

2. Рабби яссир уә лә туғассир. Уә тәммим бильхайр. (Раббым жеңілдет, ауырлатпа және жақсылығыңды толықтыр). 

Артынан «әмин, Аллаһу әкбар» деп бетті сипап, сосын сабағыңызды орындауға кірісіңіз. Алла Тағала талапты пендесін ұнатады. "Талаптыға нұр жауар" деп, ата-бабамыз бекер айтпаған. Сондықтан да, Аллаға сыйына отырып, сабақтарыңызды зейін қойып оқысаңыз, жақсы нәтижеге қол жеткізеріңізге сенімдіміз.

Осы орайда, рұқсат етсеңіз, мына нәрсені де айта кетелік. Ардақты Мұхаммед пайғамбар (ғ.а.): «Әрбір адамға ниетіндегісі болмақ», - деген. Сол себепті, сабақ оқығанда білу үшін оқыңыз. Білімді болу үшін оқыңыз. Ең басты мақсатыңыз сол болсын. Біліміңіз жақсы болса, баға онсыз да жақсы болады.  

Алла зейініңізді ашсын!

Абдусамат Қасым