Намаз оқып жатқан кезде мысық келіп ойнап тістегенде қозғалып кеттім. Намаз бұзыла ма? Қайтадан бастау керек пе?
|
Намаз оқып отырғанда мысығым қолымды тістеп алды. Намазым бұзылды ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Әлхәмдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Намаз оқып отырған сәтте мысық келіп қолыңызды тістеген кезде, «әй» деп дыбыс шығарған болсаңыз, намаз бұзылады. Сол намаз түрін қайта оқу керексіз, дәрет бұзылмайды. Өйткені, ол намазда сөйлегенмен тең. Ал дауыс шығармай, жәй аздап қозғалып қалған болсаңыз, намазыңыз бұзылмайды. Мысықтың сілекейінің намазға зияны жоқ. Бірақ намаздан кейін мысық жалаған жерді бір рет жуып жіберсеңіз артық болмайды.
Ең дұрысы - Аллаға мәлім!
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?