Әулиелерге «қаддәсаллаһу сирраһу» деп жатады. Оның мағынасы не?
Әулиелерге «қаддәсаллаһу сирраһу» деп жатады. Оның мағынасы не?
1 ай бұрын 1392

Ассаләмуғалейкум! «ҚаддасаЛлаху сирраһу» деген не мағына? «Сыр» дегенді не деп түсінуге болады?

Әлхамдулилләһ. Уассәләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Исламның сопылық мектебінде өмірден өткен әулие кісілерге, мұсылман жұртшылығына рухани ұстаз болған тақуа жанның есімі аталғанда «қаддәсаллаһу сирраһу» деу үрдісі бар. Оның қазақшаға аударғандағы астарлы мағынасы: «Рухы шадыман болсын» дегендік. Ал тікелей мағынасын талдасақ келесідегідей:

  • Қаддәсә Аллаһу -«Алла таза қылсын», «Алла дәріптесін» деген мағыналарда. Қаддәсә етістігі - тазалау, дәріптеу, қасиетті қылу, құтты қылу деген мағыналарды білдіреді.
  • Сирруһу - құпия жөнін, яғни, бізге беймәлім болған ішкі жан дүниесін деген мағыналарға саяды. Құпия - бұл жерде «рух» деген ұғымда. Алла Тағала оның ішкі жан дүниесін де сыртқы бейнесі секілді таза, қасиетті қылсын, дәрежесін көтерсін дегенді білдірмек.