Жолаушы адам намазды жергілікті имамға ұйып оқығанда қалай оқиды?
Жолаушы адам намазды жергілікті имамға ұйып оқығанда қалай оқиды?
1 жыл бұрын 3446

Жолаушы адам намазды жергілікті имамға ұйып оқығанда қалай оқиды?

Әлхамдулилләһ. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.

Жолаушы кісі жергілікті имамға ұйып оқыған кезінде қысқартпай имаммен бірге намазды толық оқиды. Бұған қатысты табиғин Мұса ибн Сәләмә есімді хадис риуаятшы ғалым былай дейді:

«Біз Мекке қаласында сахаба Ибн Аббаспен бірге (жолаушы) едік. Мен: «Біз сіздермен бірге намаз оқығанымызда (және имам жергілікті болса) төрт рәкәғат қылып оқимыз, ал қашан шатырымзға оралғанымызда екі рәкәғат қылып қысқартып оқимыз, - дедім. Сонда Ибн Аббас (р.а.): «Ол нәрсе Әбулқасымның сүннеті» - деп жауап берді»1.

Яғни, жолаушы кісі жергілікті имамға ұйығанда намазды толық оқып, ал жеке оқығанда қысқартып оқуы - Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) үйреткен тәлімі деп отыр абыз сахаба. 

Осы тұрғыда "керісінше, жолаушы кісіге жергілікті тұрғын ұйып намаз оқыса, қалай оқиды?" деген сауал туындайды, оған қатысты "Жолаушыға ұйып намаз оқыған жолаушы емес адам, сүре оқи ма..." атты жазбамызды оқи аласыздар.


1«Сахих Мүслім».

Абдусамат Қасым