Имамға кешігіп ұйыған әйелдің намазы дұрыс па?
Имамға кешігіп ұйыған әйелдің намазы дұрыс па?
9 жыл бұрын 5575

Әссәләму ғалейкум! Егер біреу ер кісілер мен әйел кісілерге имам болса, әйел кісілерге арнайы ниет етуі міндетті ме? Егер ниет етуі міндетті десек, орта жолдан қосылған әйел кісінің намазы дұрыс болмайды ма? Мадияр.

Уағалейкум ассәләм!

Намаздағы имамның, артындағы әйел кісілер үшін арнайы ниет етуі мәселесі төңірегінде Ханафи ғалымдары арасында екі көзқарас бар.

Бірінші көзқарас бойынша, намазда имам боп тұрған кісі, оған ұйып тұрған әйел адамдарға да имам болатындығын ниет етуі шарт. Ниет етпеген жағдайда артындағы әйел кісілердің намазы дұрыс болмайды. Бұл көзқарас Әбу Ханифаның (р.а.) соңғы пәтуасына сүйенеді деседі кітаптарда. Көпшілігі осы пікірді қолдайды.

Екінші көзқарас бойынша, ондай ниет шарт емес. Имам ниет етпесе де, оған ұйыған әйелдердің намазы дұрыс[1].  

Демек, бірінші көзқарас бойынша, имамға орта жолда қосылған әйел кісінің намазы дұрыс болмайды. Себебі, Имам, әйел кісілерге имам болатынын ниет етпеді.

Екінші көзқарас бойынша, орта жолдан қосылған әйелдің намазы дұрыс. 

[1] Ибн Ғабидин – Раддул Мухтар: Бәбу шурутус сала, 3 том/87 бет; Бәбул Имәма, 3/583 бет. Дамаск. 2000 ж.

Абдусамат Қасым