Екінті намазын оқып жатқан адамға ұйып бесін намазын оқыса бола ма?
Екінті намазын оқып жатқан адамға ұйып бесін намазын оқыса бола ма?
4 жыл бұрын 4474

Әссәләмуғалейкум!
Егер де бір жерде жамағат екінті намазын оқып жатқанда, артынан басқа адамдар келіп білместен бесін намазына ниет етіп, имамға ұйыса, қалай болады? Не істеу керек мұндай жағдайда? Рахмет. Қазыбек.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи мәзһабы бойынша, намазда біреуге ұюдың шарты – имамның да, ұюшының да оқып жатқан парыз намаздары бір болуы тиіс. Сол себепті, бесін оқығысы келген кісінің асыр оқып жатқан кісіге барып ұюы дұрыс емес. Бұл жағдайда ұйыған кісінің намазы саналмайды. Имам болып тұрған адамның намазы дұрыс. Бұған байланысты Ханафи фиқһ кітаптарында былай делінген: 

"Әлдебір парыз намазын оқитын адам, басқа бір парыз намазын оқитын кісінің артында ұйып оқи алмайды".

Бірақ, нәпіл намазды парыз намазын оқып тұрған адамға ұйып оқуға болады[1].


[1] Бәдруддин әл-Айни: "әл-Биная" – 2/364, 367 бет; "Әл-Фәтәуәл Һиндия" – 1/102 бет.

Абдусамат Қасым