Ассаләмуғалейкум! Ғұсыл құйынып үлгерми, бала емізе беруге бола ма? Бала оянып, қатты жылап кетсе, мысалы. Алдын ала рақмет.
|
Ғұсыл жоқ кезде ғұсыл құйынбай бала емізе беруге бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Әйелдің ғұсылы жоқ кезде баласын емізуі күнә емес және одан баласына да ешқандай зиян келмейді. Әйел адам хайыз* кезінде болсын, нифас** кезінде болсын, яки, жүніп*** халінде болсын баласын "бисмиллә" деп емізе беруіне болады. Мұндай жағдайларда баласын емізу үшін алдымен ғұсыл құйынуы керек деген шариғи бұйрық жоқ.
* Хайыз – етеккір.
** Нифас – босанғаннан кейін келетін қан.
***Жүніп - ерлі-зайыптылардың қатынасқа түскеннен кейінгі немесе ләззатпен шәуәт бөлінгеннен кейінгі туындаған ғұсылсыздық күй.
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?