Ассаламуғалейкум! Үлкен дәретке отырғаннан кейін, іш дәрет алмай тұрып сырт дәрет алып қойсам, кейін іш дәретті алмағаным есіме түссе, сырт дәреттен кейін іш дәретімді алуыма бола ма? Дәретім бұзылып кетпей ме?
|
Сырт дәрет алып қойғаннан кейін, іш дәретті алса, дәрет бұзыла ма?
|
Уағалейкумуссәләм!
Егер «іш дәрет» деп отырғаныңыз жай ғана әурет тұсты сумен жуу болса, бұл амал дәретті бұзбайды. Астыңғы жақты жай сумен жуу дәретті бұзбайды. Алайда сол уақытта, мысалы, зәр сындырсаңыз дәрет бұзылады.
Жалпы алғанда, іш дәретті алу әрдайым міндетті бола бермейді. Мысалы, егер зәр сындырмасаңыз және әжетіңізді өтемесеңіз, тек сырт дәретті алып намаз оқи беруге болады. Мәселен: дененің бір жері қанап, дәрет бұзылды делік, бұл жағдайда, егер қышап тұрмаса, бірден сырт дәретті алып, намазды оқи беруге болады.
Абдусамат Қасым
Өзекті сұрақтар
■
Физиогномиканың Исламдағы үкімі қандай?
■
Әйелім баптист дінінде екен. Некеміз не болады?
■
Сәжде аятын қазақша мағынасынан оқыса да сәжде жасау керек пе?
■
Біреудің сәлемін алғанда, естірмей жауап берсе бола ма, әлде естіру керек пе?
■
«Шот-фактураға» артығымен көрсетіп, артығын өзім алсам бола ма?»