Шаңғының етігіне мәсіх тартып намаз оқи беруге бола ма? Еркебұлан.
|
Шаңғының бәтінкесіне мәсіх тартуға бола ма?
|
Мәсінің шарттары бойынша мәсіх тартатын аяқ киім:
- Аяқ тобықтарын жауып тұратындай қонышы ұзын болуы керек.
- Киіп жүре алатындай болуы керек (әйнектен, темірден жасалғандар жарамайды,өйткені олармен ұзақ жүре алмайды).
- Жыртық болмауы (бауы бар болуының зияны жоқ).
- Ешқандай байлаусыз аяқта өздігімен бекем тұруы.
- Су өткізбейтіндей қалың болуы[1].
Осы негізгі шарттарына сай аяқ киімге мәсіх тарта берсе болады. Аяқ киімнің бауының болуы мәсіх тартуға кедергі емес. Шаңғы бәтінкелерінің арасында аталмыш шарттарға сайларына мәсіх тартуға болады, ал мәсінің шарттарына сай еместері мәсіх тартуға жарамсыз, мысалы қонышы тобықтан төмен қысқа болса, әдеттегідей киіп жүруге қолайсыз болса т.б. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
[1] Имам Шүрунбуләли: «Нұруль Изах».
Өзекті сұрақтар
■
Біреудің қастандығынан қорғану үшін қандай дұға оқыса болады?
■
Мұсылман болмаса да жақсылығы өткен кісі қайтыс болды, артынан дұға етіп тұрсам бола ма?
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Зекетті «кедей» деп берген адам бай немесе алаяқ болып шықса, қайта беру керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?