Жаңа жылға жұмыста балаларға сыйлық беріп жатыр соны алуға болады ма, жоқ па мұсылмандарға? Анон.
|
ЖАҢА ЖЫЛҒА БАЛАЛАРҒА БЕРІЛГЕН СЫЙЛЫҚТЫ АЛУҒА БОЛМАЙДЫ ДЕП ЕСТІДІМ, СОЛ ҚАНШАЛЫҚТЫ РАС?
|
Құрметті сауал жолдаушы!
Жаңа жылға арнап берілген сыйлықты алудың хақ дінімізге ешқандай қайшылығы жоқ. Тіпті дініміз бөтен діндердің мейрамына берілген сыйлықтың өзін алуға рұқсат береді. Бастысы, берілген сыйлық адал болмағы ләзім. Ертеде ардақты сахабалар «зәрдүштік» дініндегілердің мейрамдарына орай тарту еткен сыйлықтарын (адал тағамдарын) қабыл ететін болған, бұған қатысты хадис кітаптарында бірнеше риуаяттар кездеседі[1]. Ендеше, дінімізде жаңа жылға берілген сыйлықты алуға да, жайылған дастарханнан дәм ауыз тиюге де болады, оның харамдығы жоқ.
Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
[1] Ибн Әби Шәйбә: «әл-Мусаннаф».
Өзекті сұрақтар
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?